Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.09.2014

МӘЖІЛІСТЕ: «ЭКСПО-2017» Көрмесіне әзірлік қандай?


МӘЖІЛІСТЕ: «ЭКСПО-2017» Көрмесіне әзірлік қандай?

 

Астана, 30 қыркүйек,Мәжіліс Үйі.

 

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың қатысуымен өткен  Экология мәселелері және табиғат пайдалану  комитетінің  кеңейтілген отырысында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге әзірлік туралы» мәселе қаралды.

Отырысты комитет төрағасы Александр Милютин жүргізіп, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының жетекшісі Талғат Ермегияевтың баяндама жасады.

2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу туралы Заңды қабылдауы қолдағандықтары үшін ризашылық білдірген баяндамашы, заң қабылданғалы көрме объектілерінің құрылысын ұйымдастыру мәселелерін шешу жеделдегенін мәлім етті.

ЭКСПО – индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. Ең алғашқы ЭКСПО Англияның принці Альберттің ұсынысы бойынша 1851 жылы Гайдпаркте өткен болатын. 2012 жылы 22 қарашадағы Көрмелер бюросының халықаралық Бас ассамблеясының 152 сессиясында  EXPO-2017 Астанада өтетін болып шешілген.

Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді. 

 EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда.

Ал, енді бұл көрменің бізге қандай пайдасы бар екен? Біртіндеп, жауабын қарастырайық. Біріншіден, еліміздегі техника саласының дамуы. Қазақстанда балама энергия көздерін пайдаланатын аймақтар бар. Мысалы, Алматы қаласының маңында жер асты ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын алуға болады және Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер. Ендеше, болашақта энергиядан тапшылық көрмеу үшін «Болашақ энергиясы» атты көрменің бізге берері мол. 

Екіншіден, өзге елдердің көрмеден алған пайдасын санап көрелік. 2000 жылы Шанхайда өткен көрмеден түскен пайда 12 млрд $ болса, Ганноверде өткен көрменің пайдасы 350 млн еуроға жеткен. Біздің мемлекетке де айтарлықтай пайданың болары айдан анық. 

Үшіншіден, өзге елдермен достық қатынастарымыз нығаяды. Оның көрсеткіші ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Германия мемлекетімен көрмеге дайындықты бастады.

Төртіншіден, ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етеді. Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде Қазақстанның жеңісі бізге деген қызығушылықтың барын көрсетеді. Бельгияға 44 дауыс, Қазақстанға 104 дауыстың берілгені халықаралық аренада үлкен қызығушылыққа ие екеніміз және өзіміздің мүмкіндіктерімізді көрсетудің алғашқы қадамы болды.

Мемлекет басшысы  Н. Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалу және өткізу кезінде отандық экономиканың ресурстарын, әсіресе шағын және орта бизнестің жетістіктерін барынша пайдалануды жүктеді. «Осы шараға арналған құрылыс материалдары мен қызмет көрсету импортын төмендету үшін біздің барлық ішкі өндірісті іске қосу керек. Өз кезегінде шағын және орта бизнес сондай қызметтер мен тауарлар көлемін көрсетуге дайын болуға тиіс. Олардың қызметі сапаның ең жоғары талаптарына сай болуы керек», - деп атап өткен Президент.

Биылғы жылдың 24 сәуірінде Елбасы Көрменің құрылыс объектісінің алғашқы қазығын қағу салтанатына қатысты. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарын 2014 пен 2016 жылдың желтоқсанына дейін жүргізу жоспарланған.

 

 

 (Сәуле Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі