Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.10.2014

Мәжілісте «Инновацияларды жоспарлау және жер қойнауын пайдаланушылардың бағдарламаларына енгізу және қазақстандық үлесті арттыру» тақырыбы талқыланды


Мәжілісте «Инновацияларды жоспарлау және жер қойнауын пайдаланушылардың бағдарламаларына енгізу және қазақстандық үлесті арттыру» тақырыбы талқыланды

 

Астана, 21 қазан.Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің, Экономикалық реформа және өңірлік даму, Қаржы және бюджет комитеттерінің, «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды тұғырнамасының «Инновациялық» экономика бағыты бойынша сараптамалық топтың «Инновацияларды жоспарлау және жер қойнауын пайдаланушылардың бағдарламаларына енгізу және қазақстандық үлесті арттыру» тақырыбы бойынша бірлескен отырыс жасады.

Кеңестің жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Д.Н. Назарбаева қатысып, сөз сөйледі.

Отырысты «Нұр Отан» Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің төрағасы, «Инновациялық» экономика бағыты бойынша куратор Мейрам Пішембаев жүргізді.

Тақырып бойынша Энергетика министрі В. Школьник баяндап, «Тенизшевройл» ЖШС Бас директорының м.а. Т.Этчисон қосымша баяндама жасады. Шетелдік компаниялар «Теңізшевройл», «Қарашығанак Петролиум Оперейтинг», «CNPC» (Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы) ЖШС өкілдері сөз алып, ортаға ойларын тастады.

Кеңес жұмысының шеңберінде аталған тақырып бойынша Мәжіліс депутаттары – Экономикалық саясат кеңесінің жұмыс комиссиялары мүшелерінің ақпаратын, Сараптамалық топ мүшелерінің сөз сөйлеулерін тыңдап, мұнай-газ саласына инновацияларды енгізу, «ақылды» технологияларды қолдану пайдасын арттыру, жер қойнауын пайдаланудағы оң тәжірибені қорытындылау және жобалардағы қазақстандық үлесті арттыру мәселелерін, сондай-ақ Кеңес әзірлеген ұсыныстардың жобасын конструктивті талқылады.  

Кеңестің жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ұлттық және шетелдік компаниялардың басшылары, мұнай-газ секторының өкілдері қатысты.

 

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі