Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.10.2014

МАҢЫЗДЫ ХАТҚА МАЗМҰНДЫ ЖАУАП БЕРІЛСЕ


МАҢЫЗДЫ ХАТҚА МАЗМҰНДЫ ЖАУАП БЕРІЛСЕ

 

Астана, 22  қазан, Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Құттықожа Идирисов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

 

Менің депутаттық сауалым, 2014 жылы 13 қазанда Н.М. Балқыбеков электронды почтама хат жолдап, онда Қазақстан Республикасындағы «1-С бухгалтерлік» бағдарламаны жүргізудегі жіберілетін қателіктерден сыбайластық жемқорлыққа жол берілуі және де республикалық бюджетке түсетін корпоративтік табыстардың дұрыс есептелмей жүргені, оны тиісті органдарға түсіндіріп түзеуге мүмкін екендігін көрсеткен. Сонымен қоса, хатында «1-С бухгалтерлік» бағдарламаны түсіндіру мақсатында тиісті органдармен өзін кездестіруді ұйымдастырып берген жайда, хатындағы ұсыныс пікірлерін дәлелдейтіндігін айтқан (2014 жылғы 13 қазан                 №ФЛ-Б-3386 хаттың көшірмесі қоса жолданады 6 парақта).

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, жоғарыдағы хаттың маңыздылығын түсіністікпен қарай отырып, депутаттық сауалға «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27 бабына сәйкес жауап беруіңізді сұраймын.

 

 

    

                                                                                                     

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі