Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.10.2014

Депутат Меккеде Тәуелсіздіктің Көк туын көтерген азаматты марапаттады


Депутат Меккеде Тәуелсіздіктің Көк туын көтерген азаматты марапаттады

Астана, 23 қазан. Мәжіліс Үйі.

ҚР Парламент Мәжілісі аясында, депутат  Бақытбек Смағұл Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығының атынан марафоншы Дулат Иманқажыны «Б.Момышұлы Намыс» төс белгісімен марапаттады.

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жылдығына ҚР Ішкі Істер министрлігінің ерекше мақсаттағы милиция жасағының 25 жылдығына арнап ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын қолдаған марафоншы Дулат Иманқажы осы жылдың алтыншы шілде күні алыс қашықтағы «Астана-Мекке» бейбітшілік марафонына шыққан болатын.  

 Бейбітшілік марафонына 3 ай кетті. Дулат күніне 100 шақырым жолға жүгіріп отырды. Астана қаласының «Нұр Астана» орталық мешітінен жүгіріп бастаған ол еліміздің 6 облысы мен 4 мемлекеттің шекарасын қиып өтіп, 7000 шақырым қашықтықтағы қасиетті Меккеге өз аяғымен жетті.

Бабалар дәстүрін жаңғыртқан Д.Иманқажының ізгі сапары қыркүйектің 15-де қасиетті Меккенің топырағын басып,  қалада  Қазақстан Республикасының көк туының көтерілуімен жалғастырылды. Сапар 13.10.2014 ж. аяқталды. Берілген ту Сауд Арабиясында қасиетті Мекке қаласында марафоншы Д.Иманқажының қолымен көтерілді. Қасиетті Мекке қаласының басында көтерілген көк байрағымыз Республикалық мемлекеттік мұражайға тапсырылатын болды. 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі