Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.10.2014

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

 

Астана, 23 қазан. Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсованың жетекшілігінде «2014-2016 жылдардың республикалық бюджеті туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы»  заң жобасының тұсаукесері өткізілді.  Депутаттарға құжатты Ұлттық Экономика министрі Ерболат Досаев пен Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов таныстырды.

«2014 жылы әлемдік экономикадағы ахуал Еуроаймақтағы дағдарыстық жағдайлардың жалғасуымен, қаржы нарықтарындағы жағдайлардың нашарлауымен және өндірістің қысқаруымен сипатталады.

Маусымның ортасынан бастап әлемдік мұнай бағасының 27,1%-ға, яғни барреліне 115,1 АҚШ долларынан бүгін 83,8 долларға дейін тұрақты төмендегені байқалуда.

                Елдің сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылдың     8 айында 9,1%-ға, яғни 88,5 млрд. АҚШ долларынан 80,4 млрд. АҚШ долларына дейін азайды, оның ішінде экспорт – 6,0%-ға, 57,4 млрд. АҚШ долларынан 53,9 млрд. АҚШ долларына дейін, импорт14,7%-ға 31,1 млрд. АҚШ долларынан 26,5 млрд. АҚШ долларына дейін азайды.

Мұнай мен металлдың әлемдік бағалар төмендеуімен қатар Ресейге экспортта 20,0%-ға төмендеді.

Әлемдік экономиканың күтілгеннен де төмен өсу қарқынының және сыртқы нарықтардағы қазақстандық өнімдерге сұраныстың төмендеуі аясында Қазақстандағы экономикалық өсу қарқыны баяулады.

Нәтижесінде, ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйектегі алдын-ала бағалау бойынша ЖІӨ өсуі 4%-ды құрады, бұл ретте өткен жылғы ұқсас кезеңде ЖІӨ өсімі 5,7%-ды құраған.

Экономикалық өсу қарқыны төмендеуінің негізгі факторлары экономиканың шикі мұнай өндіру, түсті металургиядағы өндіріс және машина жасау сияқты үш саласында өндіріс көлемінің төмендеуі, сондай-ақ сыртқы сауда айналымының баяулауы болды.

Өнеркәсіп 0,2%-ға қысқарды.

Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі өткен жылғы ұқсас кезеңде 7,9%-ға қарағанда 5,5%-ға төмендеді. Негізгі себеп өңдеу өнеркәсібіне инвестициялардың азаюымен байланысты, бұл өңдеу салаларында өнімі шығарудың өсуінің баяулауына әсер етті.

Экономиканың өсуіне негізгі үлес қосып отырған қызмет көрсетулер саласы, оның өсуі 5,4%-ды құрады.

Ауылшарушылығы жалпы өнімінің көлемі 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға артты. Өсу еттің барлық түрлерінің 3,0%-ға, сүттің - 2,2%-ға, жұмыртқаның - 8,4%-ға ұлғаюына негізделіп отыр.

Осылайша, Болжамды нақтылауға мынандай үш факторы ықпал етті:

1. 2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі экономика салалары дамуының және 2014 жылға арналған экономика салалары өсуінің нақтыланған нысаналы индикаторларының алдын-ала көрсеткіштері;

2. Тауар нарықтарындағы әлемдік бағалардың өзгеру ұрдістері: мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 95,0 АҚШ доллары деңгейінде сақталды, металлдар бағасының болжамды деңгейі өткен жылғы деңгейге қатысты 104,1%-дан 93,7%-ға дейін төмендеген.

3. 2013 жылғы ЖІӨ көлемі бойынша нақтыланған есептік деректер. Мәселен, ЖІӨ көлемі 35 275,2 млрд. теңгені құрады, бұл бұрын болжанған көлемінен 1754,0 млрд. теңгеге жоғары.

2014 жылғы қорытынды бойынша экономикадағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, ЖІӨ-нің нақты өсімі 104,3% деңгейінде болжануда, бұрын болжанған деңгейден 1,7 п.т. төмен.

2014 жылы номиналды ЖІӨ 40 959,1 млрд. теңгені құрайды, бұл бұрын мақұлданған көрсеткіштен салыстырмалы түрде 1 335,4 млрд. теңгеге жоғары, оның ішінде:

-               2013 жылғы базаның 1754,0 млрд. теңгеге ұлғаюының оң әсері есебінен;

-               Салалардың НКИ 418,6 млрд.теңгеге төмендеуінің теріс әсерінен.

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2,7%-дан 0,8%-ға төмендеді. Тау-кен өнеркәсібінің НКИ-і 0,6% құрайды (бұрынғы мақұлданған болжамнан 1,0 п.т. төмен), өңдеу өнеркәсібінде өсім 0,9%-ды (3,1 п.т. төмен) құрайды.

Мұнай өндіру көлемі 81,8 млн. тоннаға дейін төмендеді, жоспарланғаны - 83 млн. тонна.

Ауыл шаруашылығында 0,4% денгейінде өсу жоспарлануда, бұл бұрын мақұлданған мәнінен 3,5 п.т. төмен.

Құрылыс секторындағы өсу көлемінің болжамы 4,0%-ға ұлғаю жағына қарай нақтыланды (мақұлданған болжамнан 1,5 п.т. жоғары).

Қазақстандық экспорт өнімдеріне сұраныстың азаюы және әлемдік нарықта мұнай мен металл бағаларының төмендеуі аясында болжамдар бойынша тауарлар экспорты 81,0 млрд. АҚШ долларын құрайды, бұл мақұлданған болжаммен салыстырғанда 5,3 млрд. долларға төмен.

Тауарлар импорты 48,6 млрд. АҚШ долларын құрайды, бұл алдыңғы мақұлданған болжамнан 3,6 млрд. долларға төмен.

Экономика салаларының даму қарқынының баяулауы және өндірістің қысқаруы қызмет көрсетулер саласының өсу қарқынына әсер етеді деп күтілуде.

Қызмет көрсетулер өндірісінің өсуі 2,8 п.т. төмендеді және өсу қарқынының саудада 9,5% дейін (алдыңғы мақұлданған мәнінен 2,3 п.т. төмен) және көлікте 6,9% дейін (мақұлданғаннан 0,1 п.т. төмен) төмендеу есебінен 5,7% құрайды.

Ақпарат және байланыс бойынша көрсетілетін қызметтер өсімі 9,0% деңгейінде (мақұлданған болжамнан 2,0 п.т. жоғары) болжануда.

Инфляция бойынша параметрлер жыл соңында болжанатын 6-8 % дәлізінде сақталады.

Нақтыланған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының негізінде 2014 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері болжамы нақтыланды.

ЖІӨ және импорт болжамының төмендеуі есебінен республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есептемегенде) 2014 жылы 3 940,4 млрд. теңге көлемінде бағалануда, бұл бекітілген жоспардан 420,7 млрд. теңгеге төмен.

Импортталатын тауарлардың (225,3 млрд. теңге) және халықаралық саудаға салынатын салықтармен сыртқы операциялардың (173,8 млрд.теңге) ҚҚС бойынша Түсімдердің көп төмендеуі күтелуде.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі бекітілген 1 480 млрд. теңге көлемінде сақталды.

Кірістердегі күтілетін шығындарды жартылай өтеу мақсатында бюджет тапшылығын 2014 жылы 164,2 млрд. теңгеге (1 082,8 млрд. теңгеге дейін) немесе ЖІӨ-ге 2,3%-дан қатысты 2,6%-ға ұлғайту.

Будан басқа, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің бұрынғы қабылдаған шешімдеріне сәйкес 2014 жылға арналған республикалық бюджет түсімдерінде 325 млрд. теңге сомасында Ұлттық қордан қосымша нысаналы трансферттер көрсетілген.

Қосымша нысаналы трансферттерді тартуды ескере отырып, 2014 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген көлемге қатысты 65,5 млрд. теңгеге ұлғайтумен 7 190,3 млрд. теңге көлемінде болжануда»,-  екендігін мәлімдеді Ұлттық экономика министрі.

«2014-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруі және 2014 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша іс жүзіндегі түсімдерге сүйене отырып, есептеулерді нақтылау және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экономикалық қауіпсіздікті, тұрақтылықты және экономиканы ынталандыруды қамтамасыз етуге бағытталатын Ұлттық қордан нысаналы трансфертті тарту республикалық бюджетті нақтылау үшін негіз болып табылады. Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында, нақтылау 259,5 млрд. теңгеге шығыстарды қысқартуды және
164,2 млрд. теңгеге  бюджет тапшылығын ұлғайтуды көздейді.Нәтижесінде, түсімдер - 98,7 млрд. теңгеге азайта отырып,
6 107,4 млрд. теңгені
құрайды.

Шығыстар - нақтыланған бюджетпен салыстырғанда
65,5 млрд. теңге ұлғайта отырып, 7 190,3 млрд. теңге.

Бюджет тапшылығы 1 082,8 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге 2,6% құрайтынын Қаржы министрі айтып берді.

***

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі –  депутат Глеб Щегельский.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі