Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.10.2014

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: КҮН ТӘРТІБІ НАҚТЫЛАНДЫ


МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: КҮН ТӘРТІБІ НАҚТЫЛАНДЫ

 

Астана, 24 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.  

Бұл жолы дамуға ресми көмек туралы заң жобасы, ілеспелі түзетулермен депутаттар талқысына түседі. 

Сондай-ақ, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  енгізілген түзетулер, сонымен қатар,  жалпы отырыста дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау жөнінде қазақстандық-қытайлық үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралады.

 

(Зәмеш Кеңесқызы, 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

              

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі