Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.10.2014

АППАРАТТЫҚ ОҚУДА ҚЫЗМЕТТІК АҚПАРАТПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ


АППАРАТТЫҚ ОҚУДА  ҚЫЗМЕТТІК АҚПАРАТПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 

 

Астана, 24 қазан.. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің меңгерушісі Майра Рақымжанованың жетекшілігінде кезекті аппараттық оқу өтті.

Аппараттық оқуда  Парламент Мәжілісі Аппаратында іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері туралы және  рұқсат беру режимінің кейбір мәселелері және «Қызмет бабында пайдалану үшін» шектеу белгісі болған кезде қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы түсіндірілді.

Аппарат қызметкерлері алдында Палатаның Құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Қалманбетова және бөлім қызметкерлері  -  Хулимат Әубәкірова, Әйгерім Атабаева, Назар Шайынғазы және Гүлмира  Малғаждарова баяндама жасады.

 

Аппараттық оқуға депутаттардың көмекшілері, бас сарапшылар, сарапшылар және жұмысқа жаңадан кірген қызметкерлер қатысты.

 

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі