Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.10.2014

МӘЖІЛІСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСТЕР, ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ӨТКІЗДІ


МӘЖІЛІСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСТЕР, ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ӨТКІЗДІ

 

 Астана, 30 қазан. Мәжіліс Үйі.

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ҚР Сыртқы істер министрлігінде көшпелі отырыс  өткізді.

Мәжіліс депутаттарының алдында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов кіріспе сөз сөйледі.

Басқосуда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»             2014 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы баяндама жасады.

Өз сөзінде ол қабылданған заңды орындау үшін қазіргі кезде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау жөніндегі жұмыс негізінен аяқталғанын айтты. Атап айтқанда, халықаралық шарттарды жасау тұжырымдамасының нысаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасаудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидасы бекітілген.

Отырыс барысында депутаттар қабылданған заңды одан әрі іске асыру мәселелерінің әртүрлі бағыттарын талқылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Әшімбаев өз сөзінде заңның негізгі нормаларын іске асыру бойынша бүгінгі таңда Министрлік тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылғанын атап көрсетті. Алдағы уақытта халықаралық шарттардың мемлекеттік тілдегі мәтіндерін дайындаудың сапасын және бұған дейін жасалған халықаралық шарттарға мониторинг жүргізілуін бақылауды күшейту арқылы халықаралық шарттарды жасаудың заңнамалық процесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігі айтылды.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі