Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.11.2014

КАЛАЧИ СЕЛОСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЕКІ ЖЫЛ БОЙЫ «ҰЙҚЫ АУРУЫН» ТУДЫРАТЫН СЕБЕП НЕГЕ ӘЛІ АНЫҚТАЛМАЙ ОТЫР?


КАЛАЧИ СЕЛОСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЕКІ ЖЫЛ БОЙЫ «ҰЙҚЫ АУРУЫН» ТУДЫРАТЫН СЕБЕП НЕГЕ ӘЛІ АНЫҚТАЛМАЙ ОТЫР?

Астана, 19 қараша, Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Надежда Петухова  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

Осы депутаттық сұраным үшін Ақмола облысы Есіл ауданы Калачи селосындағы тұрғындардың екі жыл бойы «ұйқы ауруы» (белгісіз этиологиялық энцефалопатия) деп аталатын аурумен ауырғаны себеп болуда.

Ұйқы ауруының белгісімен ауырған бірінші адам ауруханаға 2013 жылғы наурыз айында түсті. Кәзіргі күнге 64 адам ауырды, оның ішінде 10 қайтадан ауырғандар. 

Аурудың себебін анықтау үшін Премьер-Министрдің 2014 жылғы 15 наурыздағы жарлығымен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Д. Қапаровтың төрағалық етуімен жұмыс тобы құрылды.

Аталған министрліктің белгіленген тәртіп бойынша қайтадан құрылғанынан кейін көрсетілген мәселені қарау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне берілді.

Жұмыс тобының аясында топырақты, атмосфералық ауаны, тамақ өнімдерін, мал азықтарын, құрылыс материалдарын, осы аурудың түрімен ауыратын аурулардың тұрғын жайларындағы ауаны, сол сияқты барлық тұрғындарды 20 000 мыңнан астам зертханалық, аспаптық және клиникалық зерттеулер жүргізілген болатын.

Барлық зерттелген факторлардың 37%-да тұрғын үйлерде радиоактивті газ – радонның бар болғаны (7 есеге дейін көбейген) атап өтіледі. Сол сияқты ауырғандардың қанында иісті газдың жоғарғы деңгейі табылған. Судың сынамаларында радонның бір мезгілде 3 есе артық болғаны көрсетіледі.

Аурудың себептерін зерттеу үшін мемлекеттік органдардың, атап айтқанда Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Денсаулық сақтау министрлігінің және оның үш ғылыми орталықтарының, Ұлттық ядролық орталығының мамандары тартылды. Жұқпалы ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі америкалық орталық офисінің (CDC) мамандары тартылды.

Бірақ, қарастырылатын аурудың себептерінің соңғы қорытындысы әлі де болса табылған жоқ, бұл осы тұрғын мекенінде және Красногорский қала типті кентінде әлеуметтік тұрақсыздыққа әкелуде.

 Ақпарат есебінде:Калачи аулында 228 жанұя немесе 553 адам, Красногорский қ.т.к. - 88 жанұя немесе 170 жуық адам тұрады.

Бұрын Ақмола облысының әкімдігімен Калачи селосын және тұрғындарды басқа жерге ауыстыру туралы пікір айтылған болатын, бірақ мұндай әрекет қабылданған жоқ.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Баяндалғанға байланысты Сізден Калачи селосында пайда болған жағдайға және көптеген жүргізілген зерттеулерге қарамастын осы күнге дейін тұғындар ішінде «ұйқы ауруын» (белгісіз этиологиялық энцефалопатия) әкелетін себептер туралы тиісті өкілетті мемлекеттік органының айқын қорытындысы жоқ екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.  

Сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдардың басшыларына Калачи селосында қалыптасқын жағдайды жақсарту бойынша барлық қажетті санитариялық-гигиениялық шараларды қабылдауды тапсыруды сұраймыз».

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі