Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.11.2014

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

 

Астана, 19 қараша.Мәжіліс Үйі. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары – «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жетекшісі   Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Мәжілісте «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері туралы» тақырыбымен «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысы өтті.

"Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің ағымдағы жылғы 11 қарашадағы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" партиясы фракцияларының  бюджет қаражатынан және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаржының нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссиялардың келесі бағыттар бойынша дербес құрамдары бекітілді:

1. «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» (жетекшісі – И.П. Аронова).

2.«ТКШ, сумен және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту, тұрғын-үй инфрақұрылымын нығайту» (жетекшісі – Н.Н. Логутов).

3. «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау» (жетекшісі –                            Н.С. Сабильянов)

4. «Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» (жетекшісі – М.Б. Тінікеев).

Комиссиялардың басшыларына комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру, оның басымды бағыттары, комиссиялардың орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл қағидаттарын әзірлеу мақсатында, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау тетігі бойынша ұсыныстарды дайындау тапсырылды.

Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының Фракциясымен заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қарауға енгізгенге дейін міндетті келісу тәжірибесін енгізу шешілді.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі