Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.11.2014

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ


ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

 

 

Астана, 20 қараша. Мәжіліс Үйі.

 

Ертең, 21 қараша күні Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын табысты жобалау формуласы» тақырыбында конференция болады.

 

(Сағат 14.30-да  Астана қаласындағы Кәсіптік-техникалық колледжде (Қорғалжын жолы, 22)

 

«Кәсіптік бағдар берудің өзекті міндеттері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі  Е.Н.Иманғалиев баяндама жасайды.

 

 

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, білім беру ұйымдарының басшылары, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері шақырылды. 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі