Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.11.2014

МӘЖІЛІС ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗЕДІ


МӘЖІЛІС ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗЕДІ

 

Астана, 21 қараша, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 24 қарашада, Астанада  «Президент. Парламент. Интеграция» тақырыбында  халықаралық конференция өткізеді (10-30 сағатта, «Marriott Astana Hotel» ғимаратында, 3-қабат, «Grand Ballroom» залы. Мекен-жайы: Достық даңғылы,2 ).

Бұл шара Мәжілістің бастамасымен үшінші рет өткізіліп отыр. Онда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын, сондай-ақ, Еуразиялық кеңістікте интеграциялық үдерістер бағытында парламенттік дипломатияны ынталандыру әрі заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ.   

Маңызды форум жұмысына қазақстандық депутаттармен қатар, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің парламентшілері, экономикалық интеграция саласындағы белгілі сарапшылар, мамандар, халықаралық ұйым өкілдері қатысады.  

Конференцияда Қазақстан Парламенті қос Палатасының спикерлері – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қабиболла Жақыпов, сонымен бірге, Ресей Федерациясы Федеральдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының  төрағасы Сергей Нарышкин баяндама жасайды деп күтілуде.

Сондай-ақ, ГФР Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Гидо Херцтің,  БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулдың, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованың, ҚР Президенті жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры  Ерлан Қариннің сөз сөйлеуі жоспарланған. Анықтама:

2011-жылы 10-қарашада Қазақстан Парламенті Қазақстан Республикасы Президенті күнін мемлекеттік мереке ретінде бекітетін заң қабылдады. Ол жыл сайын 1-желтоқсанда аталып өтіледі.

1991-жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі