Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.11.2014

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ПАЛАТАНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ


МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ПАЛАТАНЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

 

Астана, 21 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен, Мәжіліс Бюросы өтіп, онда Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттар талқысына 2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан мен Беларусь үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ,  ТМД шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары ұсынылады.

Мәжілісмендер  халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қарайды.

Сонымен бірге, осы күні   Палата 2000-жылғы 7-шілдедегі Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы  ратификациялауға қатысты  бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеуді тапсырады.   

 

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі )

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі