Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.11.2014

МӘЖІЛІС - КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ


МӘЖІЛІС - КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ

 

Астана, 21 қараша. Мәжіліс Үйі.

 

                Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Кәсіптік-техникалық колледжде «Жастар арасында кәсіптік бағдар беру

жұмысын табысты  жобалау формуласы» тақырыбында конференция өтті.

 «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастардың ел өміріндегі рөлін атап өтті. «Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!»,- деді Президент.

Әрбір жас адамның өмірі алдында: кім боламын, өз білімім мен дағдыларымды іске асыру үшін қоғам, отбасы үшін қандай пайда әкелемін,- деген сұрақтар тұрады. Бұл проблема бүгінгі таңда, өміріміздің барлық салаларындағы жалпы бәсекелестік заманында өте өзекті.

Жаңалықтарға, прогреске, білім мен үйренуге қабілеті зор қоғамның ең бейімді қозғайтын күші болып табылатын жастар қамқорлықты емес, өмір жолында дұрыс, оң бағдар алуды қажет етеді.  Сондықтан мемлекеттік органдардың, қоғамның, педагогтардың, бүкіл үлкен ұрпақтың міндеті – ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен бірге жастарға өздерінің тәжірибесі мен білімін беру»,- деген ойлармен отырысты аталған комитет мүшесі, депутат Әсима Бимендина бастап, жүргізді.

 

«Кәсіптік бағдар берудің өзекті міндеттері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі  Е.Н.Иманғалиев баяндама жасады.

                Конференция аясында мемлекеттік органдардың, оқу орындарының, өнеркәсіп ұйымдарының жастар арсында кәсіптік бағдар берудің табысты жұмысының тәжірибесі ұсынылып, талқыланды. Конференцияға қатысушылар арасында белсенді пікір-алмасу өтті, оның барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министінің орынбасары С.Жақыпованың, «Нұр Бағдар» ЖШС әкімшілік директоры Ж.Мамбаеваның, «EDTECH-KZ» Халықаралық білім беру орталығының бас директоры Г.Бейсембаевтың, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы  А.Нұрғазиевтың, «Қазақстан Құбыр зауыты» ЖШС бас директоры    Е.Жұмағалиевтың баяндамалары және Астана қаласындағы М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация колледжінің студенті Е.Сағынбаевтың  ой-пікірлері ортаға салынды.

 

 

               

***

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, білім беру ұйымдарының басшылары, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты. 

                 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі