Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.11.2014

Нұр Отан: Қазақстан өңірлерінде сапалы қызметтер ұсыну


Нұр Отан: Қазақстан өңірлерінде сапалы қызметтер ұсыну

 

Астана, 24-қараша, Мәжіліс үйі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Д.Н. Назарбаеваның қатысуымен сейсенбі, яғни, 25 қарашада  «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің, Экономикалық реформа және өңірлік даму, Қаржы және бюджет комитеттерінің, «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды тұғырнамасының «Инновациялық экономика» бағыты бойынша сараптамалық топтың «Қазақстан өңірлерінде сапалы қызмет көрсетулерді ұсыну, Қазақстанның ең бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттердің қатарына қосылу жолындағы құралдардың бірі ретінде цифрлық теңсіздікті жою туралы» тақырыбы бойынша бірлескен отырысы өтеді (16:00 сағатта, Астана қаласы, «Soluxe Hotel Astana» (Пекин-Палас) қонақүйінің ғимаратында)

                Шара аясында Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиев, «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының Төрағасы К.Б. Есекеев баяндама жасап, Мәжіліс депутаттары – Экономикалық саясат кеңесінің жұмыс комиссиялары мүшелерінің, Сараптамалық топ мүшелері сөз сөйлейді деп күтілуде.

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)шапка3

шапка3

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі