Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.11.2014

ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, САНДЫҚ ТЕҢСІЗДІКТІ ЖОЮ


ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, САНДЫҚ ТЕҢСІЗДІКТІ ЖОЮ

 

Астана. 25 қараша. Мәжіліс үйі. «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің, Экономикалық реформа және өңірлік даму, Қаржы және бюджет комитеттерінің, «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды тұғырнамасының «Инновациялық экономика» бағыты бойынша сараптамалық топтың бірлескен отырысы өтті.

Онда Қазақстан өңірлерінде сапалы қызмет көрсетулерді ұсыну, Қазақстанның ең бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттердің қатарына қосылу жолындағы құралдардың бірі ретінде сандық теңсіздікті жою, сапалы байланыс ұсынудың өзекті мәселелері талқыланды.  

Кеңес жұмысына Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев төрағалық етті.

Тақырып төңірегінде баяндама жасаған Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев телекоммуникация саласының қазіргі даму қарқыны жөнінде жан-жақты сөз етті.

Одан әрі «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев,  елді мекендерді байланыс және интернет қызметтерімен толық қамту мәселелерін алға тартты.  

Жиында сөз алған Мәжіліс депутаты Мейрам Бегентаев сандық теңсіздікті азайтудың ауқымды сұрақтарын көтерді.

                Талқылау қорытындысы бойынша депутаттардың пікірлері есепке алына отырып, тиісті ұсыным әзірленетін болды.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі