Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.11.2014

МӘЖІЛІС: «ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР» ТУРАЛЫ –ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ


МӘЖІЛІС: «ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР» ТУРАЛЫ –ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Астана, 25 қараша. Мәжіліс Үйі.

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұйымдастыруымен «Құқықтық актілер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық актілер мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң  жобаларын талқылаған дөңгелек үстел болды.

Отырысты заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Рамазан Сәрпеков жүргізіп, аталған комитет хатшысы Светлана Бычкова беташар сөзбен бастады.

ҚР Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Заң жобаларын талқылауға Әділет министрлігінің, ҚР Конституциялық Кеңесінің, Бас Прокуратураның, ҚР министрліктері мен ведомстволарының өкілдері, жоғарғы оқу орындары мен ғылыми қауымдастықтың, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысын іске асыруға бағытталған, онда «құқықтық акті» деген термин өзінің мазмұны жағынан «нормативтік құқықтық акті» деген терминнен кеңірек, ал Конституцияның «басқа құқықтық актілер» деген түсінік нормативтік сипаттағы да, көрсетілген белгілері жоқ өзге де актілердің барлығын қамтиды. Осыған байланысты Заң жобасында құқықтық актілер нормативтік құқықтық және нормативтік құқықтық емес актілер болып 2 топқа бөлінген.

Нормативтік құқықтық актілер ретінде қазіргі таңда қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен олардың түрлерін қарау ұсынылады.

Нормативтік емес құқықтық актілер тобына  нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру актілерін;  жеке қолданылатын құқықтық актілерді;

Мемлекеттік басқару жүйесі саласындағы құқықтық актілерді жатқызу ұсынылады.

Заң жобасында заң жобалау қызметін жоспарлаудың жаңа нысанын – Заң шығару жұмыстарының Парламентті шақыру кезеңіне арналған тұжырымдамалық жоспарын енгізу ұсынылуда.

        Мұндай жоспарлау қажеттігі іске асырылуына Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асырудан шығып отыр.

Заң жобасында оның мақсатын заңнаманың тиімділігін бағалауға және болжауға қайта бағдарлай отырып, құқықтық мониторинг институтын жетілдіру ұсынылады.

Заң жобасында қажеттігі бағдарламалық құжаттармен, сондай-ақ қолданыстағы тәжірибемен айқындалған «шоғырланған заң», «заң жобасының тұжырымдамасы»,  «заң ұқсастығы», «құқық ұқсастығы», «номативтік құқықтық актінің заңдық күші» деген кейбір терминдер мен анықтамаларды енгізу ұсынылады.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын бөлуді көздемейді.

 

 

(Сәуле Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі