Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.11.2014

МӘЖІЛІСМЕНДЕР САНКТ-ПЕТЕРБОРДА ТМД ПАА ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСАДЫ


МӘЖІЛІСМЕНДЕР САНКТ-ПЕТЕРБОРДА ТМД ПАА ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

 

Астана, 26 қараша, Мәжіліс үйі. Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған мәжілісмендер делегациясы қараша айының 27-28 аралығында Санкт-Петербор қаласында өтетін ТМД, ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ парламенттік ассамблеялары іс-шараларына қатысады.   

Онда ЕурАзЭҚ ПАА-ның  соңғы жиыны өтіп, Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов ЕурАзЭҚ ПАА-ның қазіргі төрағасы ретінде ұйымның құрылғаннан бергі жұмысына қорытынды жасайды деп күтілуде.

Сондай-ақ, ТМД парламентшілері өзара ақпараттық іс-қимыл, жергілікті өзін-өзі басқару, экономика салаларында үлгілік заңнамаларға қатысты ауқымды сұрақтарды қарастырады және ҰҚШҰ ПА қызметінің 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланады.

Ал, мәжілісімендер делегациясының жұмыс жоспары барысында Палата Төрағасы Қабиболла Жақыповтың ТМД елдерінен келген әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулері көзделген.   

Сонымен бірге, ТМД қатысушы-мемлекеттер мәдени күндері аясында Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтеді. Таврический сарайы - ТМД ПА штаб-пәтерінде өтетін шараны Қазақстан Парламенті ұйымдастырып отыр.

 

               

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі