Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.12.2014

Мәжілісте мемлекеттік марапаттар тапсырылды


Мәжілісте мемлекеттік марапаттар тапсырылды

 

Астана, 15 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Мемлекетіміздің ең ұлық мерекесі – тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжілісте мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі өтті.   

Елбасының Жарлығында атап көрсетілгендей, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбектері үшін, әлеуметтік-экономикалық саланы,  руханиятты  дамытуға, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлестері үшін: II дәрежелі «Барыс» орденімен Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов,  «Парасат» орденімен  депутаттар Гүлнар Иксанова, Николай Кузьмин, Рамазан Сәрпеков, ал, «Құрмет» орденімен депутат Құттықожа Идирисов марапатталды. 

Сондай-ақ, «Ерен еңбегі үшін» медальі Мәжіліс депутаттары Азамат Әбілдаевқа, Борис Сорокинге және Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары Жаслан Жүгінісов пен Мәжіліс аппараты бөлімінің меңгерушісі Майра Рахымжановаға табыс етілді.

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров, Мәжіліс аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары Төлеухан Айтмұхамбетов Құрмет грамотасына ие болды.  

Мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі барысында Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов бұл әрбір азамат үшін абырой әрі мақтаныш ғана емес, сонымен қатар, үлкен жауапкершілік екенін айта келіп: 

- Елбасының Жарлығымен бекітілген наградаға қол жеткізу бәрімізге әрқашанда зор жауапкершілік жүктейді,- деді.

Жиналғандар Елбасына алғыс- тілектерін арнап, Қазақстанның тәуелсіздігін тұғырлы ету жолында аянбай еңбек ететіндерін жеткізді. 

 

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі