Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.12.2014

МӘЖІЛІСТЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ


МӘЖІЛІСТЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

 

Астана, 15 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Мәжілісте Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтіп, Палата аппаратының басшысы Үсен Жетенов қызметкерлерге құттықтау сөз арнады.  Үсен Жетенұлы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен 23 жылда барлық салада жеткен жетістіктерді алға тарта келіп, бұл айтулы күннің әрбір азамат үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды. 

Қазақстанның өркениеті жолында еліміздің тыныс-тіршілігін реттейтін заң шығару қызметін қамтамасыз етіп отырған аппарат қызметкерлерінің үлес салмағы айрықша екенін атап өтті.

- Алдағы уақытта да, осындай қарқынды жұмыс істеп, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген маңызды тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған депутаттық корпус жұмысын қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріңіздің табысты болуына тілектеспін,-деді.

Мерекелік кеш соңында Аппарат басшысы еңбегімен еленген бірқатар азаматтарға Мәжіліс Төрағасының атынан марапаттар табыс етті.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі