Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.12.2014

МӘЖІЛІС ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ТУРАЛЫ ШАРТҚА АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ РАТИФИКАЦИЯЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ


МӘЖІЛІС ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ТУРАЛЫ ШАРТҚА АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ РАТИФИКАЦИЯЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ  

 

Астана. 18-желтоқсан. Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті.

Халық қалаулылары «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлданды.  

Бұл шарт 2014 жылғы 10 қазанда Минскіде жасалған.

Шарт күшіне енген күннен бастап Армения Республикасы Еуразиялық Экономикалық одақтың мүшесі болады, сондай-ақ, аталған одақ құқығына кіретін Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған басқа халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерді алады.

 Осы Шарт ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге өз халықтарының өмір сүру деңгейін арттыру, өткізу нарығын кеңейту, сондай-ақ,  Еуразиялық интеграциялық бірлестіктің имиджін арттыру мүддесінде экономикалардың тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.              

Сондай-ақ, осы күні мәжілісмендер тарапынан   «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы заң жобасы да оң бағасын алды.

Жалпы отырыста    Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  САШҰ арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің операциясын қолдау үшін жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы Келісім мен Шартты ратификациялауға, сонымен қатар,  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс және арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобалары жұмысқа қабылданды.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02 ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі