Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.12.2014

Мәжіліс депутаты Бәйдібек ауданында


 

Мәжіліс депутаты Бәйдібек ауданында

 

Астана, 19 желтоқсан, Мәжіліс үйі

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі Ұласбек Сәдібеков  Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі бағыттарын тұрғындарға түсіндірді.

Алдымен мәжілісмен Шаян ауылындағы, Аудандық мәдениет сарайында – тұрғындармен, кейіннен Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан активімен кездесу өткізіп, қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Жолдауының мәнін жеткізді. Дәлірек айтқанда, депутат Жолдаудың басым бағыттары және мемлекет алдына қойылған жаңа міндеттер туралы айтты. Бұдан басқа, Елбасының әр-бір Жолдауы секілді, осы жолғы Жолдаудың да басты мақсаты - халықтың мүддесі, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, жастардың болашағы, жеріміз бен еліміздің тұтастығы, ел бірлігі, Тәуелсіздігіміздің баяндылығы екенін атап көрсетті.

«Жолдауды түсіндіру процесі дегеніміз – ол құжаттың мәтінін қайталап әңгімелеп шығу емес. Ел ішіне барып, тұрғындармен пікір алмасу арқылы Елбасы Жолдауындағы жаһандық мемлекеттік міндеттерді, бір немесе өзге өңірдің не елді мекеннің нақты проблемаларын шешудің мазмұны мен жолдарын жеткізу деп білемін. Республикалық үгіт-насихат тобының құрамында біз де алдарыңызға келіп тұрмыз.

Нақтырақ айтқанда, Жолдауды түсіндіру әрбір адам мен тұтастай алғанда мемлекеттің мүддесін бір арнаға бағыттау болып табылады.

Жолдауды түсіндіру – тұрғындармен сұхбаттасу түріндегі ашық пікір алмасу. Белгілі бір елді мекеннің немесе тұрғындардың әлеуметтік тобының нақты проблемалары бойынша президенттік жоспарды тиімді іске асыруға болатыны жөнінде әріптестік әңгіме өрбіту.

Біз үшін пікір алмасу, қазіргі заманғы жаһандық қауіп-қатерлердің жағдайында өзара іс-қимылдың, ортақтастықтың және бірігудің тиімді нұсқаларын іздеу өте маңызды болмақ», - деді Ұ. Сәдібеков.

Бұдан басқа, Мәжіліс депутаты Елбасының Жолдауын орындаудағы Парламенттің ролі, «Нұр Отан» партиясымен атқарылып отырған игі істер туралы аудан тұрғындарына баяндап берді.

Кездесулерге ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Жолдасбек Оңғарбаев қатысты.

Депутат Жолдауын негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жұмысын жалғастыруда.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі