Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.01.2015

МӘЖІЛІС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРДІ РАТИФИКАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫН МАҚҰЛДАДЫ


МӘЖІЛІС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРДІ РАТИФИКАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫН МАҚҰЛДАДЫ

 

Астана. 28-қаңтар. Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті.   

Халық қалаулылары  табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеуге қатысты қазақстандық-македондық үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Мәжіліс депутаты Темірхан Досмұхамбетовтің атап өткеніндей, келісімнің мақсаты - өзара инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы Қазақстан мен Македония арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету. Келісім қос мемлекет резиденттерінің кірістеріне қосарланған салық салуды боддырмайды, салық салудан жалтаруға жол бермейді, сондай-ақ уағдаласушы мемлекеттер арасында тауар айналымы мен инвестициялардың ұлғаюына ықпал етеді.

Осы күні сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімін ратификациялау туралы заң жобасы мәжілісмендер тарапынан қолдауға ие болды.

Қосымша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Еркін Шпанов Келісім Кеден одағына мүше және Кеден одағына мүше болып табылмайтын, ТМД қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара саудадағы техникалық кедергілерді жоюға, ТМД елдері өнімдерінің Кеден Одағының бірыңғай кеден аумағына шығуын жеңілдетуге, өзара сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталғандығын атап өтті.  

Сондай-ақ жалпы отырыста халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы жұмысқа қабылданды.

Бұл конвенция 1999 жылы 28 мамырда Монреальда қабылданып, 2003 жылғы 4 қарашада күшіне енді. Монреаль конвенциясы халықаралық әуе тасымалдарда жолаушыларды қорғау дәрежесін жоғарылатады және жолаушылардың мүдделерін тасымалдаушылардың мүдделерінен жоғары қояды.     

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасы бойынша жұмысты, ілеспелі түзетулермен одан әрі жалғастыратын болды.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02 ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі