Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.01.2015

ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛАСЫН РЕТТЕЙТІН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ САҚТАЛУЫН ТЕКСЕРУ ТАПСЫРЫЛСА


ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛАСЫН РЕТТЕЙТІН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ САҚТАЛУЫН ТЕКСЕРУ  ТАПСЫРЫЛСА

Астана, 28 қаңтар, Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Рауан Шаекин Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.Дауылбаевқа депутаттық сауал жолдады.

«Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында заңдардың дәл және бiркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде Сізге депутаттық сауал жолдауыма мәжбүр болып отырмын.

Оған журналистер Ренат Ташкинбаев пен Алишер Ахметовтың ойын автоматтары, лотерея және лотерея терминалдарына қатысты tengrinews.kz ғаламтор порталында жарияланған әртүрлі тақырыптардағы мақалалары себеп болды. 2014 жылғы 3 шілдедегі «Қаржы полициясы - Қазақстанда ойын автоматтары лотерея терминалдары ретінде бүркемеленеді» деген бір мақалада жоғарыда аталған бұқаралық ақпарат құралының (БАҚ) редакциясының ресми сауалына Қаржы полициясы - кәсіпкерлер ойын автоматтарын лотерея терминалдары ретінде көрсететінін хабарлаған.  Мақалада «Бинго» ЖШС лотерея терминалдары иелерінің біреуіне  сомасы 95,0 миллион теңге салықтан жалтарған деген негізде қылмыстық іс қозғалған. Бұдан әрі «Сараптау және сертификаттау Ұлттық орталығы»                  АҚ-ның Алматы филиалының сот сараптамасының қорытындысына сәйкес аталған заңды тұлғаның лотерея терминалдары шындығында ойын автоматтары екендігі хабарланған. Келесі бір кәсіпкерге тағы бір қылмыстық іс «Заңсыз түрде ойын бизнесін ұйымдастыру» деген 269-1 - бабы бойынша қозғалған. Сөзбе-сөз айтар болсақ «... барлығы 13 лотерея терминалдары тәркіленді. Олардың «ойын автоматтарымен» бірдей екендігі сот-техникалық сараптамамен дәлелденген.

   2015 жылғы 15 қаңтардағы «Қазақстанда лотерея терминалдары алдында заңнама дәрменсіз» деген тағы бір мақалада осы салаға жетекшілік ететін Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері жөніндегі комитетінің Ойын бизнесі мен лотерея қызметін үйлестіру басқарамасы журналистердің сауалына электрондық лотереяның терминалы Қазақстанның заңнамасына сәйкес ойын автоматы немесе электрондық казино болып табылмайды деп түсіндірді. Мақаланың соңында 2012 жылғы      7 желтоқсанда берілген «Аманасар Групп» ЖШС-нің Мемлекеттік лицензиясы келтірілген. Соған қарағанда «Бинго-лото» ойын терминалдары көппәтерлі үйдің астыңғы қабатында орналасқан және осы оқиға Астана қаласы ІІД Оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабында (ӨАЕК) тіркелген.  

Ойын автоматтарының меншік иелері заңнаманың жетілдірілмеуін пайдаланып, лотерея терминалдарын көбінесе әр түрлі ойын-сауық орындарында, оның ішінде кафелер мен сыраханаларда, ғаламтор клубтарында, сауда орталықтары мен дүкендерде, вокзалдарда яғни адамдар көп шоғырланған жерлерге орналастырады. Тиісінше осындай аппараттарды  жасы кәмелетке толмағандар да оңай пайдалана алады, себебі олар куәландыру құжаттарын сұрамайды және сырт бейнесіне қарап  ойыншылардың жасын айқындай алмайды. Лотерея қызметін ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар ойын бизнесі саласындағы қызметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары деңгейлі қауіптілікке байланысты қызмет түрлері (кіші түрлері) немесе әрекеттер (операциялар) санаттарына жатқызылғаны бекер емес («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның 16-бабының 1-тармағы).

«Қазақстан Лотереясы Операторы» (ҚЛО) http://kzloto.kz/business/ сайтындағы жарияланған ақпаратта: "Біздің терминалдар ойын автоматтары болып табылмайды, тиісінше оларға осындай техникаға тиым салатын заң актілерінің  күшіне жүрмейді ...» делінген. Кейінірек кәсіпкерлерді қызықтыратын осы ақпарат бұдан әлдеқайда сипақтатып: «Лотерея терминалдары – заңнама саласын жетік білу және оны практикада пайдалана алу қабілетінің маңызы зор ерекше бизнес. Көбісі лотерея терминалдары заңды ма деп күманданады. Ал біз осы сұраққа дәлме-дәл жауап береміз. Лотерея терминалдары электрондық лотереялар сияқты заң алдында кіршіксіз таза – бұған біздің сайттағы «Лицензиялар» бөлімінде көз жеткізуге болады. Мұнымен қоса, осы сұраққа Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлы өз жауабын берді (2015 жылғы 22 қаңтардағы «Қазақстанда лотерея терминалдарына тиым салынбайды» деген мақаласы). «Лоторея және лотерея қызметі туралы» Заң жобасының тұсаукесерінен соң журналистерге: «Қазір біз заңнамалық тұрғыда ойын автоматтарына тиым салған кезде ол ойын автоматтары лотерея қызметі түрінде ашылуда»,- деді, яғни бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді.

«Қазақстан Лотереясы Операторы» (ҚЛО) сайтында: «Егер сіздерде лотерея терминалдары бар болса, бірақ олардың бағдарламалық қамтамасыз етілуі қанағаттандырмаса, оның шешімі бар. ҚЛО электрондық лотереялардың әртүрлілігі және олардың орындалу сапасы сіздің бизнесіңізді жаңа деңгейге көтеретін жоғары сыныпты бағдарламалық қамтамасыз етуді өткізеді» делінген. Бұл жағдайда бағдарламалық өнімде бүкіл айлаларды, оның ішінде түбегейлі жеңілістің де, ынтыландырушы ұтыстың да қарастырылмасына кім кепіл. Тиісті сұрақтар мен дау-дамай туындай қалған жағдайда уәкілетті орган - Мәдениет және спорт министрлігінің шенеуніктері, осыған дейін болғандай, «Бағдарламалық өнімнің Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері мен мемлекеттік стандарттарына сәйкестігін айқындау мәселелері министрліктің құзыретіне жатпайды» деген жаттанды жауаппен құтылады.

                Осы фактілердің барлығы ойын бизнесі салсында заңдылықтың сақталу мәселесі бойынша күмәндануға және халықтың себепті үрейін туғызуда.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, ойын бизнесі саласын реттейтін қолданыстағы заңнаманың сақталуын тексеруді  тапсырып, аталған заңды тұлғалардың қызметіне құқықтық баға  беруіңізді өтінемін.

Қаралған мәселенің нәтижелері туралы заңда белгіленген тәртіппен жауап беруіңізді сұраймын.

               

Қосымша: 11 парақтан тұрады.

               

              

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі