Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.01.2015

ТІКЕЛЕЙ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРҒА ТЕНДЕРГЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕЗ АРАДА ЖҮРГІЗСЕ


ТІКЕЛЕЙ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРҒА ТЕНДЕРГЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕЗ АРАДА ЖҮРГІЗСЕ

 

Астана, 28 қаңтар, Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Мұхтар Тнікеев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

Президенттің «Нұрлы жол» жолдауындағы перспективалық жоспарға сәйкес Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту ел экономикасын дамытудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Осыған орай, жеті автожолдың жобасын іске асыру жоспарлануда. Осы жобаларды іске асыру үшін қаржы республикамыздың Ұлттық қорынан бөлінді. Бұл ретте екі жүзден астам жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

                Алайда, осы орайда, әлі әзірленбеген жобалар мәселесі туындайды. Осылайша, мысалы, Астана-Ақтөбе-Атырау автожолын жобалауға тендер 2014 жылғы 24 желтоқсанда жарияланды. Жобалау мерзімі 2016 жылғы наурызға дейін белгіленді, ал бұл салынатын жолдың тек бір ғана бөлігі. Тиісінше бірінші учаскелердің құрылысына тендер 2015 жылдың қыс мезгіліне тұспа-тұс келеді. Яғни жұмыс 2016 жылдың көктемінде басталады. 2015 жылы және 2016 жылдың жартысында жаңа жұмыс орындары ашылмайды, ал дағдарыс пен жобаны қаржыландырудың жоқтығы салдарынан жол-құрылыс саласының әлеуетін жоғалту қаупі төніп тұр. Дәл осы жағдай «Нұрлы жол» бағдарламасына кіретін басқа да өңірлердегі инфрақұрлымдық жобаларға қатысты. Мысалға Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды, Үшарал-Достық жолдарын алуға болады. Ал «Орталық-Батыс» автожолының  бағыты тіпті анықталмаған.

                Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында  және ағымдағы жылдың 26 қаңтарындағы Үкімет сағатында министр В.С. Школьник 600 000 тоннадай қара мұнай өнімдерінің (битум) іркіліп қалу қаупі туындап тұрғанын атап өтті.

                Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесіні ұсынамыз:

                Тікелей жол құрылысына және инфрақұрылымдық жобаларға тендерге дайындықты тез арада жүргізу.

                Жобаның құрылыс бөлігінде мердігер анықталғаннан кейін уәкілетті органды жобалаудың орындалған көлемін кезең-кезеңімен тапсыруға міндеттеу. Осылайша, мердігерлер материалдарды дайындауды, карьердің аршылымын және оны қазуды жүргізуді, «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша қажетті мамандарды дайындауды (грейдерші, жүргізуші және т.б.) бастай алады. Бұл ретте құрылыс бөлігін қаржыландыруды дайындалған материалдардың нысаны бойынша бастау керек, ал осындай көлемнің орындалуына қатысты тексеруді толықтай қамтамасыз етуге болады.

                Осы шаралар, біздің пікірімізше, ел экономикасын жандандыруға, 2015 жылдың өзінде жаңа жұмыс орындарын ашуға, құрылыс мерзімін қысқартуға және бюджетке салықтың уақтылы  түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі