Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.01.2015

МӘЖІЛІС – ЖАСТАР МӘСЛИХАТТАРЫ- ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ


МӘЖІЛІС – ЖАСТАР МӘСЛИХАТТАРЫ- ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Астана, 29 қаңтар. Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті және Парламент Мәжілісіндегі  «Нұр Отан» фракциясының Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс кеңесі бірлесіп «Шығармашылық жағынан белсенді тұлғаны қалыптастыру мен дамыту факторы ретіндегі жастар мәслихаттары» деген тақырыпта Астанадағы Оқушылар сарайында дөңгелек үстел өткізді.

                Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев: «2050 Стратегиясы Сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де Сіздер. Осы жұмысқа әрқайсыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайдылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!,»,- деп жастарға ерекше сенім білдірді. Сондықтан елімізде жастардың азаматтық белсенділіктерін дамытып, патриоттық сезімдерін қалыптастыру  - басты мақсатымыздың бірі.

Біз, депутаттар, өңірлерге барғанымызда, белсенді жастар халық қалаулыларымен осындай кездесу өткізу туралы ұсыныстарын жасаған болатын. Сол тілектерді біз бүгін іске асырып отырмыз. Әрине, облыстарда, бүкіл республикамызда жастардың қоғамдық жұмысқа, өмірге араласуы өте қажет. Өйткені жастар – біздің болашағымыз, Елбасымыздың жастарға деген сенімі зор. Баршаңызға сәттілік тілеймін!»,- деп басқосуды Мәжіліс депутаты, Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Әсима Бимендина жүргізді.

Бұл жиылыс жастардың азаматтық және патриоттық көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету, Астана қаласы жастарының әлеуметтік белсенділігін арттыру, республика жастарының қоғамдағы өзекті мәселелерге қызығушылықтарын оятып, жастардың рухани және саяси мәдениетін көтеруді ойластырды. Мәжіліс депутаттарын жастардың өзекті мәселелерін шешуге  қатыстыруды мақсат етті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі  Тақир Балықбаев, Астана қаласы мәслихатының депутаты, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтар жастар алдында патриотизм, белсенді тұлғаның қалыптасу жолдары жайында ой-пікірлерін ортаға салды.

Астана қаласы жастар мәслихатының депутаты Бахтияр Аширов, Астана қаласы №25 мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Погребицкая, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жастар ісі комитетінің төрайымы Әйгерім Көкеевалар сөз алды.

 Жастармен кездесу сұхбаттасу түрінде өткізілді. Кездесуде қазіргі таңдағы қоғамда жастар мәселесіне қатысты өзекті тақырыптар қозғалып, депутаттар мен жастар арасында бүгін мен болашақ тақырыбында сұрақтар  қойылып, жауаптары берілді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Суретті түсірген  Жасұлан Құспанов. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі