Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.02.2015

ҚЫЗЫЛШАМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛЫП ЖАТЫР?


ҚЫЗЫЛШАМЕН  СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛЫП ЖАТЫР?

 

Астана, 25 ақпан, Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевқа депутаттық сауал жолдады.

«Осы депутаттық сауалға қызылшаға қарсы қосымша иммундауға байланысты асқынулар себеп болуда.

Қазақстанда соңғы үш жылда қызылшамен сырқаттанушылық көрсеткішінің өсуі байқалып отыр, әсіресе 15 жастан 19 жасқа дейінгі жас топтары жиірек кездеседі. 2014 жылы 321 жағдай тіркелген, бұл алдыңғы жылдағыдан 4,4 есе артық. Қызылшамен сырқаттанушық көрсетіштерінің 11,4 есеге тез арада ұлғаюы 2015 жылғы қаңтарда байқалған.

2015 жылы қызылшамен сырқаттанушылықты тұрақтандыру үшін қосымша егу жұмыстары жүргізілуде. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарынан, халықтан және медициналық қоғамдастықтардан келіп түскен ақпаратқа сәйкес Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бірқатар асқыну фактілері тіркелген.

Жамбыл облысында – 2 жағдай, Қарағанды облысында – 27, Маңғыстау облысында – 120-дан аса жағдай және Оңтүстік Қазақстан облысында – 6 жағдай (оның біреуі өліммен) тіркелген.

Бұл ретте, аталған вакцинациялау кезіндегі асқынулар вакцина егуден кейін пайда болатын асқынуларға тән емес.

Осыған орай, 2009 жылға дейін вакциналарды сақтауға жауапты санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары белгіленгенін атап өту қажет. Қазіргі таңда вакциналар температуралық режимінің сақталу талаптарына сай келе бермейтін, стратегиялық маңызды объект болып табылмайтын, сондай-ақ, жартысы икемделіп жасалған ғимараттарда орналастырылған Денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларында сақталады.

Вакцина егуден кейінгі асқыну халық арасында теріс әсерін туындатуға және тұтастай иммунизацияға деген сенімді жоққа шығаруға әкелуіне байланысты мынадай мәселелер бойынша ақпарат ұсынуларыңызды сұраймыз.

1. Қызылшамен  сырқаттанушылықты тұрақтандыру бойынша қандай шаралар қолданылып жатыр?

2. Вакцина егуден кейінгі асқынуларды тіркеуді бақылау қалай жүргізіліп жатыр?

3. Иммундау үшін қолданылатын вакциналардың сапа сараптамасы өткізілді ме?

Қарау нәтижесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап беруді сұраймыз».

 

 

Құрметпен,                                                                                       Г. Иқсанова

М. Айсина

Н. Петухова

И. Аронова

М. Ахмадиев

Ж. Ахметбеков

Ж. Әлиев

М. Бегентаев

Ә. Бимендина

В. Бишимбаев

К. Бұрханов

Г. Исимбаева

К. Қаракен

А. Нұркина

Г. Сейтмағанбетова

Б. Смағұл

А. Смайыл

С. Ферхо

 

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі