Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.02.2015

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЭСТОНИЯ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТЕРЕҢДЕТУДІҢ МҮМКІНДІГІ ЗОР


 

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЭСТОНИЯ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТЕРЕҢДЕТУДІҢ МҮМКІНДІГІ ЗОР

 

Астана. 26-ақпан. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары С. Дьяченко Эстония Республикасының бұрынғы президенті Арнольд Рютель бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

С. Дьяченконың атап өткеніндей, біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік алған күннен бастап Эстония елімен байланысты дамытуға баса назар аударуының нәтижесінде екі ел арасындағы түсіністік, сыйластық, өзара қолдау деңгейіндегі ықпалдастық күннен-күнге қанат жайып келеді. 

Қазіргі уақытта Эстония - Қазақстанның Балтық аймағындағы ең маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі.

Тараптар қос мемлекет арасындағы сауда-экономикалық, транзиттік байланысты тереңдетуге, соның ішінде, ауылшаруашылығы саласы бойынша ынтымақтастықты күшейтуге айрықша көңіл бөлді.

Делегация өкілдері өздерінің теңіз айлақтары арқылы Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуына көмектесуге және қос мемлекет арасындағы кәсіпкерлік саланы барынша қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.

Осы ретте жоғары технологиялық бірлескен кәсіпорын жұмыстарын жолға қоюдың маңыздылығы зор болмақ. Осыған орай эстондық қонақтар бірқатар маңызды жобаларымен таныстырды. 

Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанның ерекше қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет екенін сөз етіп, Эстонияның біздің елмен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ынталы екенін атап өтті.

Жылы шырайлы жүздесу барысында тараптар қалыптасқан достық қарым-қатынасты одан әрі тереңдетіп, экономикалық әріптестікті нығайтудың мүмкіндігі зор екенін алға тартты. 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі