Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.02.2015

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ


МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

 

Астана, 27 ақпан, Мәжіліс үйі.   Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

                Халық қалаулыларының назарына Беларуссиямен реадмиссия туралы келісімді, Вьетнам мемлекеті үкіметімен табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді, сондай-ақ, Мажарстанмен ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобалары ұсынылып отыр.

Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасында сондай-ақ, білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы қамтылған.

 

                (Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз  қызметі)

 

 

 

 

 

 

 

          


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі