Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.02.2015

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ТӘЖІКСТАН ОЛИ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨМЕНГІ ПАЛАТАСЫНА ДЕПУТАТТАР САЙЛАУЫН БАҚЫЛАУДА


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ТӘЖІКСТАН ОЛИ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨМЕНГІ ПАЛАТАСЫНА ДЕПУТАТТАР САЙЛАУЫН БАҚЫЛАУДА

 

Астана, 27 ақпан. Мәжіліс Үйі.

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков ТМД Парламентаралық Ассамблеясы халықаралық бақылаушылар тобының құрамында Тәжікстан Республикасы Оли Мәжілісінің төменгі палатасына депутаттар сайлауын өткізуге әзірлік барысын бақылауға қатысады.

Сапар барысында Қазақстандық парламентшілері Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы стратегиялық орталықтың  директоры Худайберды Холикназаровпен, ОСК басшылығымен, және де Тәжікстан Парламенті палатасымен кездесулер өткізеді.

Сайлау өтетін 1 наурыз күні Хотлан облысына, Нурек қаласына барып дауыс берудің ашылуын және де Дангар мен Куляб қалаларындағы сайлау барысын бақылау жоспарланған.

Бақылауға ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының халықаралық бақылаушы миссиясының өкілі болып табылатын, Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков те қатысуда.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. ` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі