Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.03.2015

Мәжіліс депутаты «Бұрқасын-2015» өтті шаңғы мерекесіне қатысты


Мәжіліс депутаты  «Бұрқасын-2015» өтті шаңғы мерекесіне қатысты

Астана, 2 наурыз.Мәжіліс Үйі.

Астанада Есіл  өзеніндегі қалалық саябақта жылдың басты шаңғы мерекесі «Бұрқасын-2015» өтті.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және ҚР Конституциясының 20 жылдығына орайластырылған жарыс Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға 3000 астам елордалық қатысты. Соның ішінде мектеп оқушылары, студенттер, оқу орындарының ұстаздары, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының  және елордадағы мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, қоғам өкілдері, сондай-ақ, қала қонақтары қатысты.

Абай Тасболатов,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

«Бұл Астана үшін өте маңызды күн. Осы қала әкімдігі мен Спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен шаңғы тебу ұйымдастырылды. Өте тамаша. Жарысқа үш мыңға жуық адам қатысты. Өзім де қатыстым. Зейнеткерлер де, жастар да бар екен».

«Бұрқасын-2015» - бұл отбасылық және корпоративтік демалыстың үздік түрлерінің бірі. Дәстүрге айналған бұқаралық спорт мерекесі биыл 13-ші рет өткізіледі.

Берік Маржықпаев, Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы:

«Спортшы қауымға, Астана қаласының тұрғындарына, қонақтарына мың да бір рахмет. Бәрі де шаңғы фестиваліне келіп жатыр. Бір-екі айналымға қатысып, дайындалып, жақсы өнер көрсетіп отыр».

Жарыс бағдарламасына ерлер, әйелдер, жігіттер, қыздар, балалар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жарыстар енген. Дәстүрлі шаңғы жарысының жеңімпаздары естелік жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.

Айсұлтан Жақыпбеков, спорт ардагері:

«Бұрқасын-2015» фестивалі өте жақсы өтіп жатыр. Бұл жастарға өнеге. Жасым 70-тен асты, бүгін осы фестивальға қатыстым. Жастар да біз сияқты осындай сайыстарға қатысып, дендері сау, бақытты болса екен».

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01.  Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі