Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.03.2015

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ


ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

 

Астана, 2 наурыз. Мәжіліс үйі.

 

Мәжіліс депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлдың Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты «Отан үшін қаныңды төксеңде, арыңды төкпе» атты тақырыппен кітаптарының тұсаукесері өтті.

Осы орайда, Қазақстан халқы арасынан шыққан ерен ерлерді елмен қауыштыруға бағытталған «Қаһарман», «Қазақтың Қара майоры», оның орысшасы «Король Панджшера», «Оқ пен Отан» кітаптары қалың оқырманға ұсынылды.  

Бұл ретте «Қаһарман» кітап Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, ерліктің толассыз қайнары, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы Бауыржан Момышұлының ұрпаққа қалдырып кеткен таусылмас мирасына, сарқылмас мұрасына арналған.

«Қазақтың Қара майоры» және «Король Панджшера» кітаптары болса, Ауған соғысындағы дарынды қолбасшы, дарабоз тұлға, елім дегенде өзегін жұлып беретін азамат Борис Керімбаевтың ерен ерлігі мен еңселі еңбегінен сыр шертеді. Туынды қан төгушілікті тіпті де қастерлеп, дәріптемейді, қайта әр сөйлемінде оның зұлмат екендігін нықтайды.

Ал, «Оқ пен Отан» кітабы елiмiздiң өткен тарихына терең бойлау арқылы бүгiнгi және келешектегі кемел өмірдің жайын ойлауға, «Мәңгілік ел» жолында ұлттық құндылықтарды ардақтауға, ынтымақ, бірлік, келісімді сақтауға үндейді.

Шараға ҚР Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты.

               

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі