Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.03.2015

МӘЖІЛІСТЕ ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ.


МӘЖІЛІСТЕ ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ.

 

Астана. 3-наурыз. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Экология және табиғат пайдалану комитетінің жетекшісі Александр Милютиннің төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұсау кесері өтті.

Комитет төрағасының атап өткенідей, заң жобасы қолданыстағы заңнамаларды Қазақстанмен ратификацияланған Орхус конвенциясына сәйкестендіруді қарастырады және парниктік газдар шығарындыларын реттеуді одан әрі жетілдіруді көздейді.

Тақырып бойынша баяндама жасаған ҚР Энергетика министрілігінің вице-министрі Талғат Ахсамбиевтің айтуынша Еліміздің Экологиялық Кодексіне заңды деңгейде қоғамдық тыңдаулар міндетті түрде өткізілетін жобалар бойынша экономикалық салаларды анықтау, қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі жөнінде ақпаратты 20 күнтізбелік күндерден кеш емес уақытта БАҚ-та жариялау туралы, сондай-ақ, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын интернет қорда 3 күн ішінде жариялау бойынша жаңадан нормалар енгізілуде.

Сондай-ақ, квота көлемінің резервін бөлу тек жаңа қондырғыларға ғана емес, сонымен қатар, тапшылықты жабу үшін өндірістің жоғарлауын жоспарлаған қолданыстағы қондырғыларға да тарайды. Осылайша кеңейтілетін қондырғылар үшін квоталарды ұлғайту қажеттілігі қамтамасыз етіледі. 

Тағы бір жаңа енгізілім шығарындыларды жылына 20 000 тонна CO 2 аспайтын әкімшілінедіру субьектілерін бақылауды жүзеге асыру нормалары олардың парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есептерін қарау, сондай-ақ, уәкілетті органға есепті тапсыру мерзімін анықтау арқылы нақтыланады.

Еліміздің Экологиялық және Салық Кодексіне осы және басқа да өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде.

Талқыланып отырған мәселе бойынша Мәжіліс депутаттары өзекті сұрақтарды алға тартып, нақты ұсыныстарын жеткізді.

Заң жобасы бойынша жұмыс одан әрі жалғасады.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі