Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.03.2015

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ Қ. СҰЛТАНОВ ЧЕХИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ Қ. СҰЛТАНОВ ЧЕХИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Астана. 20-наурыз. Мәжіліс үйі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ. Сұлтанов Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Элишка Жигова және елшінің орынбасары Ладислав Штайнхюбелмен кездесті.

 Тараптар екі ел арасында экономика, медицина, мәдениет және туризм салаларындағы байланысты дамытудың мүмкіндігі зор екенін алға тартып, екіжақты қарым-қатынасты кеңейтудің, парламентаралық байланысты нығайтудың маңызды сұрақтарын талқылады.

Аймақтық және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселесі сөз етілгенде Қ. Сұлтанов осы саладағы Елбасының  маңызды қадамдары мен Қазақстанның қосып жатқан үлесі туралы әңгімелеп, көпжақты дипломатия саласындағы еліміздің белсенді қызметіне де тоқталды.  Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі де назардан тыс қалмады.

Өз кезегінде елші Чехия кәсіпкерлерінің аталған көрмеге белсене қатысатындығын мәлімдеді.

Элишко Жигова өзінің Қазақстанға деген құрметінің ерекше екенін, осы бауырмал, бейбіт елдің ортасында нәтижелі жұмыс атқарып, қос мемлекеттің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға барынша ықпал ететінін жеткізді.

Кездесу иелері әлемдік саяси және экономикалық мәселелерді талқылап, біздің елімізде өтетін президенттік сайлауға қатысты пікрілерін ортаға салды.

Елші қазақстандықтарды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтады.

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі