Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.03.2015

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия БҰҰ институттарымен одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын


ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия БҰҰ институттарымен одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын

 

Астана, 27 наурыз. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов БҰҰ Уландырғыш және қауіпті өнімдердің, қалдықтардың заңсыз тасымалы мен көмілуінің адам құқықтарына кері әсері жөніндегі арнайы баяндамашысы Баскут Тункакпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар экологиялық құқықтың орталық проблемалары болып отырған мәселелер мен уландырғыш және қауіпті өнімдер мен қалдықтардың заңсыз тасымалы мен көмілуінің адам құқықтарына кері әсерін зерттеу жағдайын талқылады.

Комиссия төрағасы Қ.Сұлтанов Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметі туралы, Конституцияда, ҚР Экологиялық кодексінде, ҚР Орнықты дамуға көшуінің 2007-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасында бекітілген азаматтардың экологиялық құқықтары туралы егжей-тегжейлі  айтып берді.

Баскут Тункак ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құқық қорғау қызметіне жоғары баға беріп, алдағы жұмысына сәттіліктер тіледі.

Сапар қорытындысы бойынша жиналған ақпарат Б.Тункактың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне өткізетін есебінде баяндалатын болады.

Өз кезегінде Комиссия төрағасы Қ.Сұлтанов БҰҰ Арнайы баяндамашысына адам құқықтарын қорғау және көтермелеу саласындағы сындарлы ынтымақтастығына алғыс білдіріп, Комиссияның БҰҰ институттарымен одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі