Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.03.2015

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ С. ДЬЯЧЕНКО ИНДОНЕЗИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ


ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ С. ДЬЯЧЕНКО ИНДОНЕЗИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Астана, 27-наурыз. Мәжіліс үйі. ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Индонезия Республикасы Өкілдер Палатасы Төрағасының орынбасары Фахри Хамза бастаған парламенттік делегация өкілдерімен кездесті.

Тараптардың атап өткеніндей, ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Сусило Юдойононың мемлекеттік іс-сапарлары екі ел ынтымақтастығының тереңдей түсуіне тың серпін берді.

Қазіргі уақытта қос мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл барлық салада табысты дамып келеді.

Қазақстан Индонезияны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы саяси және экономикалық әлеуетке ие алдыңғы қатарлы ел ретінде таниды.  

Вице-спикер сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, саяси салалардағы ортақ жетістіктерді алға тартып, қауіпсіздік пен тұрақтылық бағытындағы маңызды бастамаларды сөз етті.

 Өз кезегінде Өкілдер Палатасының Вице-спикері Фахри Хамза аталған салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің маңыздылығына тоқталып, Индонезияның Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды әріптестерінің бірі ретінде қарайтындығын атап өтті.

Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне айрықша көңіл бөлініп, екі елдің заңнамалық органдары арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі топ құру қажеттілігі айтылды.

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі