Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.03.2015

МӘЖІЛІС – ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАЙЛАНЫСТАР


МӘЖІЛІС – ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ:

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

 

Астана, 27 наурыз. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламентаралық ынтымақтастығының мүшесі Айгүл Соловьева Еуропалық қызметтің сыртқы іс-әрекеттер бойынша Орталық Азия Басқармасының басшысы Тойво Клаар  және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы, елші Аурелия Бушезбен кездесті.

Жүздесу барысында Мәжіліс депутаттары екі жақты ынтымақтастық байланыстардың көкжиегінің кеңейгенін атап өтті. Алда серіктестік қатынастардың қанат жая түсуіне тілектестік білдіріп, визалық тәртіп шарттарын жеңілдету жолдарын қарастыру мәселесін  қозғады.

Тойво Клаар мырза  Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық байланыстың өткен жылғы қазандағы Қазақстанның Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың Брюсельге ресми сапарынан соң жаңа деңгейге көтерілгенін хабарлады. Құрамына 28 мемлекет енетін Еуроодақ өз құқықтық актілерін қайта қарап, келісімдерде көрсетілетін жаңа салаларға назар аударып жатқандықтарын мәлімдеді. Қазақстанмен визалық тәртіпті оңтайландыру жағдайын да ойластырып жатқандықтарын жеткізді.

Осы кездесуге Мәжіліс депутаты, «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламентаралық ынтымақтастығының мүшесі Шавхат Өтемісов  те қатысты.

 

 

 (Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі