Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.03.2015

МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ


МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

 

                Астана, 30 наурыз, Мәжіліс үйі. Вьетнамның Ханой қаласында Парламентаралық Одақтың 132- Ассамблеясына қатысу барысында Қабиболла Жақыпов Вьетнам, Иордания, Швеция парламенттері спикерлерімен және Парламентаралық Одақ басшысымен екіжақты кездесулер өткізді.

                Вьетнам Ұлттық Жиналысының Төрағасы Нгуен Шинь Хунгпен екеуара әңгімеде парламентаралық байланыстарды нығайтуда қазақстандық делегацияның алғашқы ресми сапарының маңыздылығы туралы айтылды.

Тараптар Қазақстан мен Вьетнам ынтымақтастығының әлеуеті зор екендігіне тоқталды. Ал екі елдің президенттері арасында қол жеткізілген келісімдер барлық салада қазақстандық-вьетнамдық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге серпін береді.  

Қабиболла Жақыпов пен Нгуен Шинь Хунг заң шығармашылық жұмысында тәжірибе алмасуға, бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арқылы парламентаралық байланыстарды ілгерілетуге уағдаласты.

                Мәжіліс Төрағасы Қазақстанда өтетін президенттік сайлау туралы айта келе, елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерді де назардан тыс қалдырмады. 

Бұл тақырып одан әрі Мәжіліс Төрағасының Иордания мен Швеция парламенттері спикерлерімен кездесуінде жалғасты.

                Иордания Халық жиналысы өкілдер палатасының төрағасы Атеф Аль-Тараунмен, Швеция Риксдаг Спикері Урбан Алинмен, сондай-ақ, Парламентаралық одақ төрағасы Сабер Хоссейн  Чоудхуримен болған жүздесу кезінде халықаралық қауіпсіздік, соның ішінде, ядролық қаруды таратпау, бұл мәселені шешуде Қазақстанның үлесі туралы кең көлемде әңгіме өрбіді.

 

                (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі