Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.04.2015

К.ЖАҚЫПОВ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫН АРТТЫРЫП, СЕНІМДІ ЖОҒАРЫЛАТАДЫ


К.ЖАҚЫПОВ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫН АРТТЫРЫП, СЕНІМДІ ЖОҒАРЫЛАТАДЫ

Астана, 17 сәуір. Мәжіліс үйі. Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған мәжілісмендер Санкт-Петерборда ТМД Парламентаралық Ассамблеясы шараларына қатысты.

ТМД ПАА Кеңесі жиынының күн тәртібінде қаралған мәселенің бірі – 2015 жылы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына халықаралық бақылаушы ретінде ТМД ПАА өкілдігін жіберу туралы. 

Мәжіліс Спикерінің пікірінше, халықаралық бақылаушылардың болуы сайлаудың мән-маңызын арттырып, сенімді жоғарылатады және ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. 

ТМД ПАА 42-пленарлық отырысында Достастық елдері парламенттері технологиялық терроризмге қарсы іс-қимыл, шекаралық қауіпсіздік, денсаулық қорғау саласы, еріктілік, аудиторлық қызмет, туристік салалардағы модельдік заңнамаларға қатысты өзекті сұрақтарды талқылады.

Әсіресе, Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойына орай арнайы әзірленген «Отан қорғау кезінде қаза болғандарды мәңгі есте қалдыру туралы» және « Патриоттық тәрбие беру туралы» сынды модельдік заңдарға айрықша көңіл бөлінді.

 

                (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі