Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.04.2015

МӘЖІЛІС АСТАНАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ


МӘЖІЛІС АСТАНАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ

 

Астана, 18 сәуір. Мәжіліс Үйі.

Бүгін дәстүрлі көктемгі сенбілікке «Нұр Отан», «Ақ жол» және ҚХКП саяси партияларының Мәжілістегі фракция мүшелері мен Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар және Аппарат қызметкерлері  қатысты.

Бұл жолы парламентшілер «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының маңайындағы көшені абаттандырып, көгалдандырумен айналысты. Сенбілікке 91 Мәжіліс депутаты, 162 Аппарат қызметкері шықты.

Қаланың салтанатына тағы да екі жүздің үстінде қайың мен шырша көшетін отырғызып, жаңа бір аллея жасап үлес қосты.

Бұл ағаштардың көшеті Елбасының бастамасымен құрылған Астана қаласының еуразиялық алаңқайында өсіріп жатқан жасыл белдеуден әкелінді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі.

                                                   

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі