Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.04.2015

ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ САНКТ-ПЕТЕРБОРДА ЖАМБЫЛ ЕСКЕРТКІШІНДЕ


ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ САНКТ-ПЕТЕРБОРДА ЖАМБЫЛ ЕСКЕРТКІШІНДЕ  

 

Астана. 18-сәуір. Мәжіліс үйі. 

 

ҚР Парламентінің депутаттары Санкт-Петерборда ТМД ПАА салтанатты шараларына қатысу барысында Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткішіне тағзым етті.

Сонымен қатар Сенат пен Мәжіліс Төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қабиболла Жақыпов Жамбыл ескерткішіне де гүл қойды.

Қоршауда қалған Ленинградтықтардың ерлігін жырға қосқан қазақтың ұлы ақынына  Нева жағасындағы қалада ескерткіш қойылған.

«Ленинградтық ұландарым! Мақтанышым сендер менің!»,- деп басталатын әйгілі жыр жолдары ТМД ПАА мерейтойлық салтанатты жалпы отырысында Таврия залының  Дума мінберінен де жаңғырды.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Суретті түсірген  ........ www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі.

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі