Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.04.2015

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АППАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ


ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АППАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

 

Астана. 22-сәуір. Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста  Мәжіліс депутаты Төлеген Ибраев күннің күрт жылынуынан су астында қалып,  ауыр зардап шеккен азаматтар мен олардың отбасыларына көмек көрсету туралы әріптестеріне үндеу жолдады.

- Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша зардап шеккен азаматтардың отбасына, ел-жұртқа кең көлемде, толықтай көмек көрсетілуде, Үкімет тарапынан әлі де қомақты қолдау болары сөзсіз. Әйтсе де, осындай жағдайда тұрмысына ауырлық түсіп, қиналған адамдарға дер кезінде қол ұшын беру, ел болып, жұрт болып көмек беру ата салтымыз, қанға сіңген әдетіміз. Қара жамылып, қайғы басқан, қазалы отбастарына шын жүректен көңіл айтамыз,- дей келіп, Т. Ибраев әріптестерінен бір күндік еңбек жалақыларын көмек ретінде бөлуді сұрады.

Депутат ұсынысы бірауыздан қолдау тауып, Мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің бір күндік табысы табиғи апаттан зардап шеккендердің есеп шотына аударылатын болды. 

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі