Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.05.2015

ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ: ЕЛІМІЗДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ БАРЛЫҚ ШАРАЛАР ЖЕДЕЛ ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ


 

ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ: ЕЛІМІЗДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ БАРЛЫҚ ШАРАЛАР ЖЕДЕЛ ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

 

Астана. 6-мамыр. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, Мәжіліс Спикері күн тәртібін қарамас бұрын Елбасының мемлекет және қоғам дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды тапсырмаларын заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

Ұлықтау рәсімі өткеннен кейін Елбасының  Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрғанын сөз еткен Мәжіліс Төрағасы оның негізгі мақсаты – Президент белгілеген бес институционалдық реформаның кезең-кезеңмен орындалуын басқару және мемлекеттік органдар, бизнес-сектор, азаматтық қоғам іс-қимылдарын үйлестіру екенін жеткізді.

 Қабиболла Жақыпов:

-Комиссия өз ұсыныстарын дайындап енгізу керек. Оларды Мемлекет Басшысы мақұлдаған соң Парламентке елімізді жаңғырту жөніндегі барлық шаралар кешенін жедел заңнамалық қамтамасыз ету жүктеледі. Мәжілістің қарауына бір бума заңнамалық актілер енгізіледі деп күтілуде. 

Елбасы жария еткендей, «Енді Ұлы реформаларды бастай отырып, біз Мәңгілік Елге жол саламыз».-деді өз сөзінде.

Спикер Президенттің депутаттық корпусқа деген ұдайы ықыласы мен сенімін ақтап,  жүктелген барлық міндеттерді абыроймен атқару керектігін баса атап өтті.       

 

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі