Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.05.2015

МӘЖІЛІСТЕ «ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ


МӘЖІЛІСТЕ «ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

 

Астана, 22 мамыр.Мәжіліс Үйі.

Парламент Мәжілісінде  «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңесі мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті  бірлесе отырып, «Қылмыстық-атқару жүйесін жаңартудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің Төрағасы, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нұрлан Әбдіров модераторлық етті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Рахмет Мұқашев, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Марат Сексенбаев беташар сөз сөйледі.

Бірінші сессия: «Колонияларда жұмыспен қамтуды заңнамалық қамтамасыз ету (Екінші түрме реформасы форумының шешімдерін іске асыру)» деп аталып, онде  Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов «Колонияларда жұмыспен қамту – 2017», Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев «Сотталғандарды жұмыспен қамту. Проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыптарын баяндап берді.

Екінші сессия: «Түрме жүйесін реформалау, бөлек камерада ұстауға ауысу: халықаралық тәжірибе» тақырыбында болып онда  Норвегияның Әділет вице-министрі Андреас Скуллберг Норвегияның сотталғандарды бөлек камераларда ұстау тәжірибесімен және Норвегияның түзеу мекемелерінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша тәжірибе бөлісіп, баяндама жасады.

 

Сотталған тұлғалардың еңбек процессінде қатысуы, сотталғандардың және жазаны өтеуден босатылған тұлғалардың әлеуметтік оңалуы, қылмыстық құқық бұзушылықтардын алдын алу,  қосымша жұмыс орындарын құруға және қылмыстық-атқару жүйесінің өңдірістік саласын дамытуға бағытталған заңнамалық және ұйымдастырушылық сипаттағы нақты шараларды белгілеу, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан тұлғалардын мәселелеріне байланысты нақты кәсіби талқылау бұл шаранын басты мақсаты болып табылады.  

Жоғарыда көрсетілген мәселелердің бір қатарын шешуге Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бағытталған.   

Көрсетілген заң жобасын қабылдау бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны қоса алғанда жазаны өтеудің тиімділігін арттыруға, бас бостандығын айыру мекемелерінен босап шыққан тұлғалардың ресоциализацияның жағдайын жақсартуға, қылмыстың, оның ішінде қайталанатын қылмыстардың деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша нақты ұсыныстар әзірленеді.  

Бұл шараның қосымша ұйымдастырушылары Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес, «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚҰ және Орталық Азиядағы «Penal Reform International» өкілдігі болды. Талқылауға Парламент депутаттары мен Құқықтық кеңес мүшелерінен басқа, мемлекеттік органдар және ведомстволардың басшылары, қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысты.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Суретті түсірген  Жасулан Құспанов. www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі