Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.05.2015

ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ: «НҰРЛЫ ЖОЛ» - «БІР БЕЛДЕУ-БІР ЖОЛ»


                ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ: «НҰРЛЫ ЖОЛ» - «БІР БЕЛДЕУ-БІР ЖОЛ»

               

                Астана, 22 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов ҚХР Бүкілқытайдлық Халықтық-саяси консультативтік Кеңесі Төрағасының орынбасары Ван Чжэнвэймен кездесті.

                Қ.Жақыпов пен Ван Чжэнвей қос мемлекет  басшыларының достық қарым-қатынасы арқасында екіжақты өзара іс-қимылдың қарқынды дамып келе жатқанын сөз етті. 

                Кездесу иелерінің пікірінше, Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол» бағдарламасы мен КХР Төрағасы «Бір белдеу-бір жол» бастамасы ұзақмерзімді өзара іс-қимылдың жарқын болашағының ортақ көрінісі.

Ван Чжэнвей сондай-ақ, Жібек жолының экономикалық белдеуін құру туралы КХР Төрағасы бастамасына біздің еліміздің көрсеткен қолдауын атап өтті. 

Қабиболла Жақыпов мәртебелі мейманға Қазақстан Президентінің 5 институционалдық реформалары мен оны орындаудың «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары туралы және осы маңызды бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қолдау туралы баяндап берді.

                Жүздесу кезінде екі елді трансшекаралық су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелері де назардан тыс қалмады. Қабиболла Жақыпов әзірленіп жатқан су бөлу туралы үкіметаралық Келісімнің екі елдің мүддесіне қызмет ететініне сенім білдірді.   

                Мәжіліс Төрағасының сөзінше, Қазақстанның ҚХА мен Ұлттар ісі жөніндегі КХР Мемлекеттік комитеті арасында байланыс орнатуға деген қызығушылығын да атап өтті.    

                Ван Чжэнвэй Қытай елінің ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге дайын екенін жеткізді.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі) 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі