Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.05.2015

Қ. ЖАҚЫПОВ АВСТРИЯ ПАРЛАМЕНТІ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ВИЦЕ-СПИКЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ


Қ. ЖАҚЫПОВ АВСТРИЯ ПАРЛАМЕНТІ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ  ВИЦЕ-СПИКЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Астана, 22 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов Австрия Парламенті Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары   Карлхайнц Копфпен кездесті. Ол біздің елімізге VIII Астаналық Экономикалық форумына қатысуға келген.

Мейман Астанада кезекті рет түрлі ел өкілдерінің жиналып, саяси, экономикалық мәселелерді талқылау мүмкіндігінің маңыздылығына айрықша көңіл бөлді.

Кездесу иелері Астана мен Венаның сенімді серіктестер екенін атап өтті. К.Копфтың пікірінше, Қазақстан Еуропаның Орталық Азиядағы дәнекері ретінде жоғары деңгейде қызмет атқарып келеді.

Қабиболла Жақыповтың атап өткеніндей, біздің еліміз алдағы уақытта да Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы дінаралық, мәдениаралық үнқатысуды дамытуға барынша ықпал ететін болады.  Оған Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезі толық дәлел. 

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты сөз еткенде, Мәжіліс Спикері австриялық бизнесмендерді «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және ҮИИДБ аясында  Қазақстанда индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды. 

Мәлімет бойынша, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3,1 млрд. АҚШ долларын құраған.

Өз кезегінде Карлхайнц Копф біздің еліміздің айқын жетістіктерін айтып, австриялық компаниялардың Қазақстанда ықыласпен жұмыс істейтінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол екіжақты қарым-қатынасты тек қана үкіметтер мен дипломатиялық байланыстар арқылы ғана емес, сонымен қатар, парламенттер арасында дамыту керектігіне тоқталды.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі) 

 

                 

 

               

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі