Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.05.2015

МӘЖІЛІС: ЕЛІМІЗДЕГІ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП – Үкімет сағаты


МӘЖІЛІС: ЕЛІМІЗДЕГІ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП  – Үкімет сағаты

 

Астана, 25 мамыр, Мәжіліс Үйі.

Мәжіліс депутаттары Палата Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның жетекшілігінде өткен кезекті Үкімет сағатында «Қазақстан Республикасында  жеңіл өнеркәсіпті дамыту туралы»,- тақырыбын талқылады.  

«Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіп – экономиканың басымды  инновациялық тартымды секторларының бірі.

Бұл сала мемлекеттің экономикалық және стратегиялық қауіпсіздігінде елеулі рөл атқарады, әрі жоғары әлеуметтік маңызы бар және халықты жұмыспен қамтамасыз етуге үлкен үлесін қосады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық» деп анық айқындап берді. Бізде экономиканы жеделдете жаңғырту үшін  мықты негіздер бар.  Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар ағыны, негізгі өндірістер, қолайлы бизнес-климат және адами капитал да жеткілікті.

Өздеріңізге белгілі,    аумағының көлемі  бойынша  әлемде 9-орынды иеленетін елімізде айтарлықтай шикізат ресурстары бар. Бұл жеңіл өнеркәсіпті дамыту және оның жалпы ішкі өнімге қосар үлесін арттыру үшін елеулі әлеует жасайды. Географиялық жағынан сәтті орналасуымыз ірі өңірлердің экономикаларының нарығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ транзиттік-көліктік бәсекелестік бойынша да артықшылығымыз басым.

Алайда отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы жағдай «аса жақсы болмай тұр». Мәселен, еліміздің жеңіл өнеркәсібінің үлесі өндірістің жалпы көлемінде 0,3 пайызды ғана құрайды. Мысалы, 1990 жылы бұл көрсеткіш 15,8 пайызға тең болған. Бұған өндірістің 1991-1999 жылдардағы жалпы құлдырауы, саланы нақты басқарудың болмауы, инфляция, бақылаусыз импорт ағыны әсер еткені түсінікті.

Өз кезегінде, мемлекет тарапынан осы саланы қалпына келтіру және дамыту жолдарында баршама шаралар қабылдануда.

«Мұратына жүрген жетеді» деп халық даналығында айтылғандай, бүгінгі күні жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін барлық мүмкіндіктер мен жетістіктерді  пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті қазақстандық өнімді шығару қажет деп санаймыз»,- деп Үкімет сағатын бастаған вице-спикер сөз кезегін тақырыпқа Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке берді.  

«Жеңіл өнеркәсіп – бұл арасында негізгілерін бөліп алуға болатын ішкі салалардың көп санын біріктіретін кешенді сала: тоқыма (үлесі 49%), тігін (42%), аяқ киім (9%).

Қолданыстағы 756 кәсіпорынның 90%-дан астамын орта және шағын кәсіпорындар құрайды (18 ірі, 57 орта).

2014 жылы жеңіл өнеркәсіптің өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 0,34%-ды құрады (2008 - 0,2%).

Жеңіл өнеркәсіптің өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 2014 жылы 1,11%-ды құрады (2008 - 0,82%).

2014 жылдың қорытындылары бойынша жеңіл өнеркәсіп НКИ-і 103,4%-ды құрады (жоспар – 101,2%), оның ішінде тоқыма бұйымдар НКИ-і – 101,4%, киім – 105,6%, былғары және оған жататын өнімдер – 108,6%.

Дайын тоқыма бұйымдар мен киімдер есебі негізінен өсу болды.

2014 жылы сала ЖҚҚ 27,9 млрд. теңгені құрады (2008 – 24,0 млрд. тг.).

2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда, саладағы еңбек өнімділігі 8,9 мың долл./адам. бастап 8,4 мың долл./адам.  дейін азайды. Қысқарту 2014 жылы жүргізілген құнсыздануға байланысты.

2014 жылы Қазақстан Республикасынан жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты көлемі 175,9 млн. долл. құрады, олардың ішінде 55,6%-ы – тоқыма бұйымдар.

Қазақстан Республикасына жеңіл өнеркәсіп өнімі импортының көлемі экспорт көлемінен 12,7 есе артқан 2234,5 млн. долл. құрады.

Кластерлік бастама шеңберінде тоқыма саласын дамыту үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығымен басты мақсаты тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту үшін жағдайлар жасау және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті тауарлар өндіруге өтуге арналған алғышаттар жасау болып табылатын «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

2014 жылдың қорытындылары бойынша жалпы инвестициялар сомасы 22 млрд. теңгеге 8 жоба іске асырылды, өндіру көлемі 6,2 млрд. теңгені құрады бір жарым мың жұмыс орны ашылды.

Одан басқа, АЭА аумағында жалпы инвестициялар көлемі 89,3 млрд. теңге 10-нан астам жоба әртүрлі іске асырылу сатысында. 2015 жылы 370 жұмыс орнын аша отырып, жалпы құны 4,4 млрд. теңге 2 жобаны пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

ОҚО әкімдігі осы аймақты басқару үшін кәсіби шетелдік компанияны тарту жөніндегі мәселені пысықтауда. Ол үшін белгілі бір нақты индикаторлар болады – тартылған инвесторлар саны, ашылған жұмыс орындарының, жаңа жобалардың, өндіру көлемінің және т.с.с. саны. Ағымдағы жылдың басында әкімдік «Шэмрок» түрік компаниясымен меморандумға қол қойды.

Одан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін  «Kaznex Invest» АҚ сингапурлық «Джуронг» компаниясымен бірлесіп әзірленген АЭА басқарудың жаңа моделін енгізуді жоспарлап отыр. Осылайша, АЭА жұмысы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін болады.

Былтырғы жылдың соңында «Textiles.kz» («Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ) компанияларының капиталына кіру нәтижесінде «Оңтүстік» АЭА-да ұзақ тұрып қалғаннан кейін кәсіпорынды іске қосқан «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жолға қойылған жұмысын айтып кету қажет. Осыған ұқсас практиканың жүктелімі 5%-дан артық алыс-беріс шикізатын уақытша өңдейтін «Семей тері-былғары комбинаты» ЖШС толық қуатқа шығуын шешуде іске асырылатындығына үміттенеміз.

Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы шеңберінде жеңіл өнеркәсіп саланы орнықты дамыту мүмкіндігін алды. Іске асыру жылдары өнім өндіру көлемін 2 еседен артық арттырудың сәті түскен 2010-2014 жылдарға арналған Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы қабылданды (2014 жылы 65,8 млрд. теңге және 2008 жылы 27,5 млрд. теңге).

«Даму-Өндіріс» бағдарламасы шеңберінде өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыспен қамтылған жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін 422,9 млн. тенге сомаға 109 жоба қаржыландырылды.

2009 және 2010 жылдары инвестициялардың күрт серпіні байқалды. Алайда, келесі жылдары төмендеу болды. Талдау төмендеудің отандық өндірушілерді қорғайтын қандай да бір салық немесе тарифтік-реттеу шараларының болмағандығынан болғанын көрсетті. Мысалы, республикада басқа салаларда темір жол көлігімен тасымалдауға, электр энергиясына жеңілдіктер, автомобильдер сатып алған кезде жеңілдікпен несиелер және т.с.с. қарастырылған. Отандық жеңіл өнеркәсіп саласында қандай да бір басымдықтар немесе жеңілдіктер жоқ.

Жеңіл өнеркәсібі сәтті дамыған елдердің әлемдік практикасы жәрдем ақша, салық жеңілдіктері, несиелерді институционалдық қолдау түріндегі мемлекеттік қолдаудың ғана бәсекеге қабілетті өнім шығаруға және сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік бергендігін көрсетеді.

Сіздердің барлықтарыңыз Мемлекет басшысының балалар және балалы отбасылар үшін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударып отырғандығын білесіздер.

Тұрғындардың балаларға арналған отандық тауарлармен қамтамасыз етілу жай-күйіне «Балалар тауарлары индустриясының қазақстандық қауымдастығы» өткізген талдау меншікті өндірістердің болмауына байланысты, іс жүзінде барлық қазақстандық нарық импортпен толтырылғанын көрсетті. Балалар тауарларының (киім, аяқ киім) барлық импортының, шамамен, 45%-ы бұқпа саудамен жеткізілген.

Балалар тауарлары саласының қуатты тәрбиелеу құралы болып табылатындығына байланысты, балалардың жеке және психикалық денсаулығын қалыптастырады, көптеген елдерде оны стратегиялық санаттарға жатқызады. Мысалға, Ресейде 2013 жылы «2020 жылға дейінгі кезеңде балалар тауары индустриясын дамыту стратегиясы» бекітілді.

Соңғы жылдары балаларда әртүрлі аллергиялық аурулардың қылаң беруі байқалады. Көршілес мемлекеттерден әкелінетін балалар ассортиментінің сапасыз бұқпа сауда өнімі аурулар көзі болуы мүмкін. Импортталатын балалар тауарларының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылауды күшейту қажет деп санаймыз.

Мектеп формасымен қамтамасыз ету сапасы ерекше алаңдаушылық туғызады. Дегенмен, отандық өндірушілер барлық оқушыны мектеп формасымен толықтай қамтамасыз ете алатын және жергілікті бюджетке келіп түсетін салық түсімдерін көбейтетін күйде, тендерлер жеңімпаздары, негізінен, тапсырыстарын Қытайда немесе Түркияда орналастырады. Мектеп формасы нарығының көлемі жыл сайын 30,0 млрд. теңгеден астам. Сондықтан, отандық өндірістің мектеп формасы институты мәселесін пысықтау қажет деп санаймыз.

Сондай-ақ жақын уақытта ЕАЭО Қырғызстанды қосу нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп саласының «Есеңгіреу терапиясынан» және ішкі нарықты арзан әрі сапасыз көпшілік қолданатын заттардан қорғау шараларын қолдану қажет.

Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру тетіктерін әзірлеу, өткізілетін тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды күшейту, сондай-ақ бұқпа сауда тауарларының көлеңкелі айналымын азайту және мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен «2015-2019 жылдарға арналған жеңіл өнеркісіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспар» (2014 жылғы 13 қазан) және «2015 жылы Қазақстан Республикасында балалар тауарлары индустриясын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары» (2014 жылғы 25 қараша) әзірленіп бекітілді.

Саланың орнықты дамуын және экономикалық қауіпсіздіктің 30% шекті деңгейін қамтамасыз ету үшін:

- тоқыма өнеркәсібінде – мақта талшығын өңдеу көлемін жыл сайын 10 мың тоннадан бастап 50,0 мың тоннаға дейін арттыру;

- былғары және оған тиесілі өнім өндірісінде - 700 млн. ш. дм. дейін өңдеуді арттыру, яғни, ІҚМ терісінің жыл сайынғы 70%-ына дейін;

- жүнді бастапқы өңдеу көлемін жаңа қуаттар енгізу есебінен жыл сайын 25,0 мың тоннаға дейін жеткізу қажет.

Кездескен қиындықтарға қарамастан, қолданылған мемлекеттік қолдау шараларының арқасында сала тұрақтандырылды және оң даму тренді бар.

Қызметі еліктеу үшін үлгі бола алатын кәсіпорындар жұмыс жасайды.

Балалар киімдерінің бренді бар «Mimioriki» Қазақстан Текстилайн компаниясы, Каз СПО-N – балалар мен ересектерге арналған спорттық киім «Zibroo», Семирамида – бас киімдер «LadyLike». South Textiline KZ компаниясы сияқты компаниялар, тіпті қазір дағдарыс уақытында тұрақты жүктемемен жұмыс істеуде және мақта-маталы иірілген және маталар шығарады. Олардың кейбіреулерінің өнімдерімен сіздер көрмедегі вестибюльде танысып, отандық өнімнің тамаша сапасын бағалай алдыңыздар.

Отандық өндірушілер нәтижесі қазақстандық тауарлар жеткізуге жасалған шарттар болып табылатын шетелдік көрме-жәрмеңкелерге тұрақты негізде қатысады:

- «Алматы былғары зауыты» АҚ және «Можелит» АҚ (Беларусь);

- «Қуат ЛТД» ЖШС және «Смиловичская валяльно-войлочная фабрика» ААҚ (Беларусь);

- «Каз СПО-N» ЖШС Ресейдің 10 өңіріне «ZIBROO» брендімен спорттық және тау шаңғысы киімдерін жеткізуге.

Алайда, отандық «Fashion retail» орнықты дамыту, танымал ету және ішкі нарықтағы сияқты, сыртқы нарықта да жеңіл өнеркәсіп өнімдерін мойындау үшін, «QazBrands» өзіндік бренді бар тігін кәсіпорындарын дамыту стратегиясын әзірлеу қажет.

Түркияның жеңіл өнеркәсіпті сәтті дамыту үлгісі ұлттық брендтерді мемлекеттік қолдау ішкі нарықта тауарлардың жоғары имиджін жасауға, түрік брендтерінің дүниежүзілік танымалдығын жасауға және 5 жылдың ішінде өндіру көлемін 2 есе арттыруға мүмкіндік бергендігін көрсетеді.

Құрметті депутаттар!

Бүгінгі күні барлығымызға жақын әрі түсінікті проблема талқыланады. Барлық проблеманы ашық талқылау нәтижесінде сіздердің ұсыныстарыңыз негізінде саланы өзінің жаңа даму деңгейіне шығаруға мүмкіндік беретін ұсынымдар әзірленетіндігіне және соның арқасында мемлекеттік органдар, ірі және шағын кәсіпорындар, ғылым, қаржылық құрылымдар арасындағы серпімді өзара іс-қимыл, ең алдымен, өңірлік деңгейде іске асырылатын салалық стратегиялар негізінде саланың орнықты дамуын қамтамасыз ететіндігіне сенімдімін»-,- деді министр.

Палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов тақырыпқа қосымша баяндама жасады.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Д.Назарбаева «Министр жеңіл өнеркәсіпті дамытудың мақсаттарын, міндеттері мен негізгі бағыттарын жан-жақты айтып өтті.

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі міндеттерді уақтылы әрі сапалы іске асыру:

саланың жағдайын жақсартуға;

ел экономикасының дамуына қосар үлесін арттыруға;

отандық жеңіл индустрия өнімін ел ішінде де, шетелде де бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие өнімдер қатарына шығаруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. 

Біз тоқыма, тігін, былғары-аяқ киім саласында импорт алмасу проблемаларын шешу үшін ішкі нарықтың елеулі бөлігін отандық өнім берушілерге қайтаруымыз, сондай-ақ жұмыс күштерін қалпына келтіріп, қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің бұрынғы танымалдығын қайтаруымыз керек. Бүгін өте жақсы талқылау болды деп санаймын»,- деп қорытты.

Бүгінгі Үкімет сағатында депутаттар министрге сұрақ қойып, қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

дайын өнімді өз нарығымызда жылжыту;

сапа бағытына көңіл бөлу және экспортқа шығару;

балаларды отандық өндірістің мектеп формасымен қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

дайын киімді, аяқ киім мен былғары бұйымдарды және басқа да тауарларды шығаратын қазақстандық өнім берушілерді жан-жақты мемлекеттік қолдау  қажеттілігі туралы негізделген  ұсыныстар айтылды. 

 

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Суретті түсірген Сайлау Майлыбаев. Ақпаратты ҚР

Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі