Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.05.2015

Қ.ЖАҚЫПОВ: ДЕПУТАТТАР ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҰЛТ ЖОСПАРЫНА САПАЛЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ


Қ.ЖАҚЫПОВ: ДЕПУТАТТАР ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҰЛТ ЖОСПАРЫНА САПАЛЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

 

Астана, 27 мамыр, Мәжіліс Үйі.

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Палатаның жалпы отырысында Қазақстан Президентінің 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету қажеттігіне депутаттардың назарын аударды.

Қабиболла Жақыпов Мемлекет Басшысының елімізді жаңғыртуға арналған нақты шаралар жайындағы  ұсынысы қарапайым адамдар алдында тұрған өзекті және өмірдегі маңызды мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.

- Жекелей алғанда мемлекеттік қызметке енгізілетін жаңа принциптер адамдардың маңызды мәселелерін жедел түрде шешуге, соттар мен құқық қорғау органдарында азаматтардың мәселелерін әділетті, сыбайлас жемқорлықсыз шешуге және де ауыл, поселке, ауылдық округ өз бюджетін қалыптастыруға арналған,- деді Қ.Жақыпов.

Мәжіліс Спикері сондай-ақ, шаралардың жартысы экономика саласына қатысты. Осы жаңашылдықтар кәсіпкерлер мен азаматтарға қолайлы салықтарды, құрылыс салуға рұқсат алу өтініштер алу кезінде азаматтарды сыбайластықтан сақтап,  энергетика жүйесінде тариф мөлшерін жеңілдетуге бағытталған, ет-сүт өндірушілерді қолдау мен олардың тауарларын ТМД және басқа елдер нарығына  шығаруға шынайы көмек көрсетуге бағытталғанын мәлімдеді.

- өздеріңіз байқап отырғандай, бізге көптеген заңдар қабылдауға, тіпті еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізуге тура келеді. Сайлаушыларымыз бізден осы тапсырманы сапалы және абыроймен атқарғанымызды күтеді. Естеріңізде болсын: бұл біздің халық қалаулысы және заң шығарушы ретіндегі парызымыз,- деп сөзін қорытты Қабиболла Жақыпов.

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі