Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.06.2015

МӘЖІЛІС:ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ-ТАНЫСТЫРЫЛЫМ


МӘЖІЛІС:ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ-ТАНЫСТЫРЫЛЫМ

 

Астана, 25 маусым. Мәжіліс Үйі.

 

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жетекшілігімен  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұсаукесері болды.

Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов баяндап берді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының  жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспарының 9-тармағына сәйкес әзірленген.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 4 Кодексіне және Қазақстан Республикасының 17 заңына өзгерістер енгізуді көздейді.

Заң жобасының мақсаты қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың барабар деңгейі кезінде елдің қаржы секторының орнықтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасының негізгі ережелері екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін активтерімен жұмыстың қосымша тетіктерін және жағдайларын жасауға, Ұлттық Банктің функциялары мен өкілеттіктерін оңтайландыруға, қаржы нарығының инфрақұрылымын дамытуға, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Құжатта қарыз алушының жеке тұлғаның берешегінің өсуін болдырмау мақсаты және олардың барынша хабардар болуы мен кредиттер беру талаптарының айқындылығын ойластырған. Екінші  деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін активтерімен жұмыс бойынша қосымша тетіктер мен жағдайлар жасау қарастырылған. Ақша – кредит саясатын тиімді іске асыру бойынша талаптар да көрсетіліп, әлеуметтік-экономикалық салдарлар ескерілген.

Заң жобасының таныстырылымында баяндамашыға Мәжіліс депутаттары – А.Соловьева, Ж.Дүйсебаев, Н.Жазылбеков, М.Айсина, А.Бекенов, Е.Каппель сұрақтар қойды.

 

Жұмыс тобына жетекшілікке  –  депутат Нұртай Сабильянов бекітілді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі