Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.06.2015

МӘЖІЛІС СПИКЕРІ НАТО ПА ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ


МӘЖІЛІС СПИКЕРІ НАТО ПА ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Астана, 25 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов Комитет Төрағасы Виталино Канаш бастаған НАТО Парламенттік Ассамблеясының қауіпсіздік азаматтық өлшем жөніндегі комитеті делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында Мәжілістің заңнамалық қызметі, Палаталардың халықаралық ынтымақтастығы, сондай-ақ, оның құрамы мен құрылымы әңгіме өзегіне айналды.  

В.Канаш өз сөзінде Қазақстанның НАТО мен НАТО ПА үшін маңызды әріптес екенін атап өтті.  

- Қазақстанның біздің жұмысымызға түрлі бағыттарда, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қосып жатқан үлесін жоғары бағалаймыз,-деп атап өтті Қанаш

Мәжіліс Төрағасы Ауғанстанға көрсетілген экономикалық және гуманитарлық көмек туралы, ауған жастарына арналған білім бағдарламалары жайлы баяндады. Осы ретте Қ. Жақыпов Қазақстан Президенті саясатында ғаламдық қауіпсіздік пен тұрақты даму жағдайларына басымдық берілетінін атап өтті. Бұл жерде Украина мен Қырғызстанға көрсетіліп жатқан көмек сөз етілді.  

Жүздесу кезінде сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге, көппартиялы Парламент және ҚХА қызметтеріне көңіл бөлінді.  

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі